Кеш жарық, қыздар мен жігіттер) Бүгін жаңалыққа толы күн болды. Оның ішінде ең маңызды деген ТОП-3 жаңалықты назарларыңа ұсынамыз! ✅
⠀
1️⃣ Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін оқушыларға вакцина алу міндетті емес. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева хабарлады. Ал сен вакцина салдырасың ба?
⠀
2️⃣AQYL білім беру депозиті арқылы Қазақстанда және шетелде білім алуға мүмкіндік бар. Аталмыш депозит кез келген Қазақстан азаматы үшін қолжетімді. AQYL депозиті туралы сен білетін бе едің? Қай ЖОО-да білім алғың келеді?
⠀
3️⃣Норвегияда шаңғы спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды. Қазақстан атынан ел намысын 5 спортшымыз қорғайды. Олар: Айша Ракишева, Камила Махмұтова, Святослав Матасов, Мария Люфт, Тамерлан Толегенов.
Спортшыларымызға жанкүйер болып жүрсің бе?