ҰБТ, Қаржы, Уақыт. 19 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 января, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі құрылады. Қай өңір тұрғындары жергілікті уақытты бір сағатқа артқа шегеруі керек екені айтылды.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданғаны хабарланған болатын.

2024 жылы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады.🔥

2️⃣ Енді талапкерлерге ҰБТ уақытын еске салатын SMS-хабарлама жіберіледі.

Енді ҰБТ-ға тіркелген талапкерлер тестілеудің күні, уақыты мен орнын еске салатын SMS-хабарлама алады. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.

ҰБТ-ға тіркелген әрбір талапкерге app.testcenter.kz ресми сайтына тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, мұндай хабарламалар кәмелетке толмаған тест тапсырушылардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне де жолданады.

«ҰБТ тапсыратындар тестілеу өткізілетін күнді, уақытты және орынды ұмытып кетуі немесе шатастырып алуы мүмкін. Әсіресе, тіркелу барысында бірнеше рет өзгерту енгізетін талапкерлер арасында осындай жағдайлар кездесіп тұрады. Бірде-бір талапкер маңызды емтиханды жіберіп алмауы үшін Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өтетін күннен бір күн бұрын әрбір тестіленушінің нөміріне SMS-хабарлама жібереді», — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Орталық ақпаратынша, SMS-хабарлама қызметі тестілеу процесінің барлық қатысушысы үшін барынша айқындық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқушылар үшін ыңғайлы жүйе болды👍

3️⃣ Осы жылы балалар шотына 700 миллион долларға жуық қаржы аударылады.

Ұлттық банк 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінетін қаржыны тексеріп жатыр.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, қазіргі таңда Азаматтарға арналған үкіметтің базасы бойынша жүйеге кіретін 7 миллионға жуық бала бар.

“Қазір түскен мәліметтерді тексеріп жатырмыз. Ол бағдарламаның операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ). Біз салыстырып тексереміз. Себебі база ауқымды”, — деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, 2024 жылы 700 миллион долларға жуық қаржы 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінеді.

Керемет!😍