ҰБТ, Азық-түлік, ТМД. 3 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Маусым, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары ұпай жинады.

Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже.
Айдос Қожанов Юрий Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінде 10 жыл бойы білім алған. Ал, 11 сыныпты «Грант» мектебінде бітірді. Жас түлек болашақта математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді. Қазір бұл бағытта көп оқып, көп ізденуде. Қалалық, облыстық жарыстарға да қатысып тұрады. Жүлделі орындарды иеленген сәттері көп. Ұстаздары мен ата-анасы да дарынды оқушының болашағынан үлкен үміт күтеді.
Ұлттық тестілеу орталығы ұсынған мәліметтерге тоқталар болсақ, негізгі ҰБТ басталғалы бері 1 маусымға дейін 71 мың түлек тест тапсырған. Ең жоғары 137 балды үш адам жинаған. Ал, талапкерлердің 74 пайызы – шекті балдан өткен.

“Ереже бұзғаны үшін 126 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек, смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 94 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылды, бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды” – делінген ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратта.

Құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ Кейінгі 4 жылда алғаш рет азық түлік тауарлары арзандады.

2024 жылдың мамыр айында 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Жалпы, азық-түлік тауарларына дефляция соңғы 4 жылда алғаш рет байқалды.

Үкіметтегі кезекті кеңесте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен қазіргі баға жағдайы қаралды.

«Осы кеңестерде елдегі апта сайынғы баға индексі егжей-тегжейлі талқыланады. Бағалар өсімі немесе төмендеуіне жасалған талдау арқылы Қазақстанның 20 өңіріндегі 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік бағасы қарастырылып, себептері анықталып, қажет болған жағдайда бірден бағаны тұрақтандыру үшін тапсырмалар беріледі», – деп жазылған хабарламада.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова елдегі азық-түлік бағасына қатысты апталық нәтижені ұсынды.

10 аймақ минусқа шықты (Абай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстары және Астана), бес аймақ бағаның нөлдік өсімін сақтап қалды (ШҚО, Алматы, Қостанай, Жетісу облыстары және Алматы), тағы бес өңірде (Ақмола, Маңғыстау, БҚО, Ұлытау облыстары және Шымкент) әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының 0,1%-0,6% өскені тіркелді.

Апта ішінде қырыққабат бағасы (-7,2%), қарақұмық жармасы (-1,7%), күріш (-0,1%), күнбағыс майы (-0,5%), тауық еті (-0,2%), майлылығы 2,5% сүт (-0,2%), С1 категориялы жұмыртқа (-0,6%) бағасы арзандады.
Сонымен қатар картоп, сәбіз, пияз бағасының өсуі жалғасуда. Қазақстанның үш оңтүстік өңірінде айран бағасының тұтастай алғанда 0,3%-ға өскені байқалды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, аталған өнім бағасын жергілікті ірі өндіруші көтерген. Серік Жұманғарин нарықтағы бағаны өсірудің негізділігіне талдау жасауды тапсырды.

Байқадыңыздар ма?🤔

3️⃣ Қазақстанда 3-9 маусымда ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумы өтеді.

Қазақстанда 3-9 маусым аралығында бесінші Жастар театр форумы өтеді, деп хабарлады РИА Новостиге Чехов атындағы театр фестивалінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда өтетін форумға 9 елден: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Әзірбайжан және Ресейден 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссерлер, актерлер, сахнагерлер мен театр сыншылары келеді.

«Форумның мақсаты негізінен оның міндеттерімен анықталады – посткеңестік кеңістіктегі мәдени байланыстарды сақтау және дамыту, жас театр жетекшілерін анықтау және біріктіру, ТМД елдері жастарының мәдени ынтымақтастығы шекараларын кеңейту, «, – делінген хабарламада.

Форумда спектакльдер, суретшілер каталогтарының тұсаукесері, жас драматургтердің пьесалар жинақтары, сондай-ақ шеберлік сабақтары, лекциялар, семинарлар өтеді.
Жеңімпаздарды кәсіби қазылар алқасы анықтайды, оларға ақшалай сыйлықтар мен ТМД елдерінің жастар театр форумының біріктіруші символы – алтын, күміс және қола қолшатыр түріндегі естелік сыйлықтар табысталады. Форумның ең үздік қойылымы XVII халықаралық театр фестиваліне қатысады. Чехов, ол 2025 жылы Мәскеуде өтеді.

Тамаша!🔥