ҰБТ, Димаш, Заңгер. 22 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 мая, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді.

ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлер үшін 22 мамыр сағат 10.00 -18.00-ге дейін база ашылады, деп хабарлады жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек.

Талапкерлер app.testcenter.kz сайтында бос күндерді ғана таңдай алады. Екі рет өтініш бергендер үшін бұл қызмет жұмыс істемейді.
Айта кетері, негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында белгіленген болатын. Алайда кейбір талапкерлер ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген.

Өтініш беріп үлгермеген талапкерлерге уақытша база ашылады екен📌

2️⃣ Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді.

Димаш Құдайбергеннің аргентиналық, уругвайлық, мексикалық, венесуэла және испаниялық жанкүйерлері Аргентинадағы орман өрттері сияқты табиғи апаттардан зардап шеккен жерлерде ормандарды қалпына келтірумен айналысатын Патагония достарының қауымдастығы үшін Солтүстік Аргентинадан 300 ағаш сатып алды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

«Біздің өмір жолымызда кездескен әрбір адамның өзіндік орны бар. Біз табиғаттың ең құнарлы бөлігі жер сияқтымыз. Кейбір адамдар басқалардың жүрегінде гүлдеген махаббат дәндері сияқты. Олар өне бойларына сұлулықты, сүйіспеншілікті, мейірімділік және нәзіктікті сіңіре білген. Димаштың дауысы – бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізді сүюге, бейбітшілік орнатуға және ғаламшарымызды әрқайсымыздың үйіміздей күтуге шақыратын тамаша хабар» , — деп барлығын бірігуге шақырды.

OMIR жобасының алғашқы қадамы Акамбуко – Сальта – Аргентина табиғи қорығына 300 ағаш жөнелтумен басталды.

Бұл қорық Аргентинаның солтүстігіндегі өсімдіктің әр түрі өсетін (субтропикалық джунгли) Сальта провинциясында орналасқан. Quina Colorada, Urundales, Robles Criollos, Lanzas Blancas, Simaras, Pacaras және Horcos Cebiles сияқты ағаш түрлері Акамбуко қорығының питомнигінің жұмысы арқылы алынды. Бұл бастама кейінгі жылдары өрт салдарынан зардап шеккен өңірдің биоалуантүрлілігін қалпына келтірудегі елеулі қадам болды.

Димаштың жанкүйерлері бұл жолы тағы игі іс жасады👍

3️⃣ 30 мамырда қазақстандықтарға белгілі заңгерлер мен мемлекеттік орган өкілдері тегін кеңес береді.

Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендеріндегі кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланыса алады.

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған. «Халық заңгері» шарасына белгілі қазақстандық заңгерлер, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, «Антикор» мекемесінің қызметкерлері, әділет, салық органдары, жылжымайтын мүлікті тіркеу департаменті және тағы басқалар қатысады.
Ұйымдастырушылар сізді қызықтыратын іс бойынша құжаттарды сарапшылармен және мемлекеттік органдармен кездесуге алып баруды ұсынады, сонда олар сізге толық және сапалы ұсыныстар бере алады.

«Халық заңгері» республикалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде бір уақытта басталады. Сілтемеге өту арқылы сіз өзіңіздің қалаңыздағы немесе елді мекеніңіздегі мамандар барлық мәселелер бойынша кеңес беретін мекенжайды таба аласыз.

Тамаша! Көмекке жүгінсеңіз болады🔥