ҰБТ, Несие, Ең бай адам. 6 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Наурыз, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Amazon негізін қалаушы Джефф Безос алғаш рет әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орынды иеленді.

Безос тізімдегі Tesla және SpaceX иегері Илон Маскпен қата LVMH директорлар кеңесінің төрағасы Moet Hennessy – Луи Вуиттонды, Бернард Арноның алдын орап кетті. Олардың байлығы қазіргі уақытта 198 миллиард долларды құрайды.

Безостың капиталын есептеу кезінде оның Blue Origin ғарыштық зерттеу компаниясынан түскен табыс пен Amazon акцияларының сатылымы да ескерілді.

60 жастағы Безос Bloomberg рейтингінде соңғы рет 2021 жылы көш бастаған еді. Содан соң көш басына орынға Илон Маск жайғасқан болатын. Алайда оның байлығы 31 миллиард долларға азайған.

Илон Маскты тасада қалдырыпты👍


2️⃣ Қазақстанда ҰБТ тапсыру ережесі өзгерді.

Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді,

Осылайша, пәндер бойынша тест сұрақтарының саны өзгерді:
Қазақстан тарихы бойынша – 20;
Математикалық сауаттылық бойынша – 10; (15 болды)
Оқу сауаттылығы бойынша (оқыту тілі) – 10; (15 болды)
Бірінші мамандандырылған пән бойынша – 40; (35 болды)
Екінші мамандандырылған пән бойынша – 40. (35 болды)
Мүмкіндігі шектеулі жандар мен көру қабілеті бұзылған балалар үшін ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының нұсқалары диаграммаларды, кестелерді, сызбаларды, карталар мен графиктерді қолданбай қалыптастырылады.

SAT, ACT, IB, A-Level, TOEFL ITP, TOEFL IBT, IELTS халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар тұлғалар деректерді ҰБТ өтініштер базасына өтініш беруі және сертификаттың көшірмесін жүктеуі керек (SAT, IB, A-Level, SAT, ACT, IB, A-Level). Деректерді жүктеу ҰБТ-ның қағаз форматы үшін күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 30 сәуіріне дейінгі кезеңде және ҰБТ электронды форматы үшін күнтізбелік жылдың 28 сәуірінен 14 мамырына (бұрын 10 маусым) дейін жүргізіледі.

Шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалардың ең жоғары ұпай саны ҰБТ бойынша 130 балды құрайды (бұрын 125 ұпай болды).
Электрондық форматта ҰБТ тапсыру үшін құжаттарды қабылдау мерзімі өзгертілді: 14 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін (20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін болды) және 15 ақпаннан 25 ақпанға дейін (20 ақпаннан 10 наурызға дейін).

Тыйым салынған заттарға камералар, ақпаратты беру функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, смартфондар), рациялар, ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер, смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктері (трекерлер), дыбыс жазу құрылғысы, сымды, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (GPS) навигаторлары, GPS (GPS) трекерлері, қашықтан басқару құрылғылары кіретіні нақтыланды.

Жақындарыңызды құлаққағыс етіп қойыңыз!📌

3️⃣ Елімізде енді 18 жастағы студенттерге ресми табысы болса ғана несие беріледі.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

“Қазіргі уақытта 18-20 жас аралығындағы 480 мың, шамамен 500 мың адамның тұтынушылық кредиті бар. Оның ішінде проблемалық кредиті бар адамдар саны — 47 мың жас”, — деді агенттік төрағасы.

Ол заң жобасында жастарға тұтынушылық кредит беруді шектеу тетіктері қарастырылғанын атап өтті.

“Бұрын олар ресми түрде табысы болмаса да кредит ала беретін. Енді шәкіртақысы не жалақысы, яғни ресми табысы болса ғана беріледі. Жалпы, кредит алу — адамның конституциялық құқығы. Дегенмен, оның табысына байланысты шектеу қоя аламыз”, — деді Мәдина Әбілқасымова.

Сіз қолдайсыз ба?🤔