Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайды.
Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы осындай мәлімет таратты.
Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 4 наурыз күні 12 сағат 20 минутта Алматы болжам жасау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.
Бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің магнитудасы 6.1 балл, ал Алматыда сезілуі 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.
Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды.
«Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.
Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.
Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.
Болжамның дөп келу ықтималдығы — 70% дейді.☝🏻
2️⃣ Қазақстанда наурыз айында өтетін ҰБТ басталды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратынша, қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. ҰБТ-ға тіркелу 10 наурызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
«Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды», — деп атап өтті ведомстводағылар.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгерген жоқ, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.
Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы – 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалып отыр.
ҰБТ-ға тіркелу 10 наурызға дейін жалғасады. Барлық бітіруші түлекке сәттілік!🙌🏻
3️⃣ Алматыда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде.
Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар тергеу-жедел топтар күшейтілді.
Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылып жатыр. Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда.
Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады. Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады.
Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сондай-ақ азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.
Бүгін, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы тұрғындары 5 балдық жер сілкінісін сезді. Жұмыста отырған қызметкерлер үрейі қашып, дүрлігіп кетті. Бәрі көшеге жүгіріп шыққан.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы афтершоктар қайталануы мүмкін екенін ескертті. Мамандар халықты сағат 16:00-ге дейін жиналу бекеттерінде болуға шақырады.
Сақ болыңыздар!📌