ҰБТ, Шабандоз,Рыбакина. 7 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Мамыр, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты.

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 500-ден астам ұпай (winner) жинаған жалғыз теннисші болып табылады.

OptaАce статистикалық ресурсы хабарлағандай, отандасымыздың активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.

Бір күн бұрын Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирідің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы-қазақстандық Елена Рыбакина бірден екіншісі айналымға өтіп, румыниялық Ирина Бегумен немесе біліктілік бойынша теннисшімен кездеседі.

Құтты болсын!👏🏻

2️⃣ Қазақстанның 16 жастағы ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты.

6 мамырда павлодарлық 16 жастағы автошабандоз Анатолий Кин қайғылы жағдайда қаза тапты.

Қаралы хабармен STK Sokol автодромының өкілдері Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Бүгін Толик Киннен айырылып қалдық. Павлодар бағытындағы тас жолда болған апат салдарынан біздің чемпионаттың ең жас әрі сөзсіз ең талантты автошабандозы қаза тапты. Толя, сен өз арманына қарай ештеңе қарайламай бағыт алдың әрі сол арманға ұмтылуға деген адалдығыңның, сондай-ақ жақындарың мен достарыңның қолдауы арқасында үлкен биіктерді бағындырып, ең мықтылардың бірі болдың. Біз сені мақтан тұтамыз, сен біздің жадымызда 16 жасар Толя болып мәңгіге қала бересің», делінген қаралы хабарда.

Иманды болсын!😢

3️⃣ Бір тәулікте ҰБТ тапсыруға 152 438 талапкерден өтініш келіп түсті.

Тестілеудің алғашқы сынағына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады.

Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан тестілеуге қатысатындар 6-13 мамыр аралығында алғашқы мүмкіндік бойынша өтініш бере алады.

Тіркелу кезінде талапкерлер өздеріне қолайлы күнді, уақытты және тестілеу орнын таңдай алады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы барлық талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға және гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.

Ал сіз тапсырып үлгердіңіз бе?🤔