ҰБТ, Температура, Инфекция. 23-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ 25-30 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында ҰБТ-ға тіркелу қайта жүргізіледі. Ал 10-13 тамыз күндері тестілеу өтеді.

Тамыздағы ҰБТ-ға қатыса алатындардың тізімі де беріліп отыр.

Олар:

Қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мен шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;

ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;

ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.
Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Университетке түсуге тағы бір мүмкіндік беріліп жатыр екен🔥

Мүмкіндікті жіберіп алма!☝🏻

2️⃣ Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, 24-28 шілде күндері Алматы қаласында 36-38 градус ыстық болады.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар депаратменті қатты ыстыққа байланысты халыққа ескерту жасады.

Ал далаға шыққан адамдар қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.

Олар:

▪️күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болу;

▪️алкогольді ішімдік ішпеу, себебі алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;

▪️сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішу;

▪️денеге салмақ түсірмеу;

▪️автокөлікпен ұзақ сапарларға шықпау;

▪️балаларды көліктің ішінде қалдырмау;

Сол себепті Алматы тұрғындарына далаға шықпауға кеңес берілді☝🏻

3️⃣ Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 328 844 жетті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2654 жағдай тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 797,

Алматы қаласында – 804,

Шымкент қаласында – 115,

Ақмола облысында – 70,

Ақтөбе облысында – 36,

Алматы облысында – 74,

Жетісу облысында – 126,

Атырау облысында – 46,

Шығыс Қазақстан облысында – 17,

Абай облысында – 30,

Жамбыл облысында – 78,

Батыс Қазақстан облысында – 48,

Қарағанды облысында – 212,

Ұлытау облысында – 3,

Қостанай облысында – 36,

Қызылорда облысында – 52,

Маңғыстау облысында – 33,

Павлодар облысында – 35,

Солтүстік Қазақстан облысында – 20,

Түркістан облысында – 22,
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 328 844 жетті.

Күн сайын ауырып жатқан адамдардың қатары көбейіп жатыр… Сол себепті сақтанып жүріңіздер! 🙌🏻