ҰБТ, Ыстық, Паспорт. 11 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 июля, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда мектеп түлектеріне ҰБТ-ға өзімен бірге қалам алып келуге тыйым салынады.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті.

Талапкерлердің қаламға қағаз жасыратынына байланысты тестілеуге қалам алып келуге тыйым салынуы мүмкін.

«Көптеген адам шпаргалкаларды қаламға тығып әкеледі. Осыған байланысты келесі жылы ҰБТ өткізу кезінде тіпті қаламдарды аудиторияда тарату туралы шешім қабылдағымыз келеді», — деді Емелбаев.

Сен бұл шешімді қолдайсың ба?🤔

2️⃣ Қазақстанда балалар паспорты келесі жылдан бастап екі есе арзандайды.

Келесі жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт үшін мемлекеттік баж 4 айлық есептік көрсеткіш – 13 800 теңге болады. Тиісті бұйрыққа ішкі істер министрі 30 маусымда қол қойды.

«ҚР азаматының 24 беттік паспорты — 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін), 48 беттік — 12 АЕК», — делінген құжатта.

36 беттен тұратын стандартты паспорт үшін мемлекеттік баж өзгеріссіз қалады, яғни 8 АЕК немесе 27 600 теңге.

Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК — 690 теңге болды.
Алайда ол жоғалған жағдайда бір жыл ішінде екі реттен артық алған кезде 1 АЕК — 3 450 теңге төлеуге тура келеді.
Құжатты жалпы тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.
Дегенмен қосымша ақыға процесті жылдамдатуға болады:
— Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жеделдіктің I санатымен – бір жұмыс күнінде құжат алуға болады. Ал II санат бойынша – үш жұмыс күнінде алуға болады.
— Облыс орталықтарында паспортты жедел алудың I санаты бойынша үш жұмыс күнінде, II санаты бойынша бес жұмыс күнде алуға болады.
— облыстардың аудандары мен қала тұрғындары жедел түрде төлқұжат алатын болса, ІІІ санаты яғни жеті жұмыс күнінде құжаты дайын болады.

Енді оны 13 800 теңгеге жасатуға болады😍

3️⃣ Елдің басым бөлігінде 43 градусқа дейін ыстық болады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді. Соның әсерінен батыста, кейін солтүстік пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді.
Елдің шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады деп күтілуде.

«Солтүстік пен орталықта, 11-12 шілде күндері солтүстік-батыста, 12-13 шілде оңтүстікте, 13 шілде оңтүстік-шығыста 43 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр», — делінген хабарламада.

Абай болыңыздар🙌🏻