Чемпионат, ҰБТ, Алтын Емел. 22 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Қыркүйек, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ 2024 жылғы ҰБТ-да екі пән бойынша шекті балл төмендетілді.

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудегі шекті балмен таныстырды.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік)
Математикалық сауат – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Оқу сауаты – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
Бірінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
Екінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Бұрын әр пәннен кемінде 5 ұпай жинау керек еді. Енді математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығына 3 балл жетеді.

Бітіруші түлектерге сәттілік!🙌🏻

2️⃣ Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан өзінің кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды.

Бұған дейін Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған.

Семинар аясында Қазақстанның туристік әлеуетін іске асыруға қатысты мемлекет ұстанымдарының таныстырылымы өтті.

Қазақстан үшін керемет жаңалық екен!😍

3️⃣ Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық балуан 3-орын үшін польшалық Наталия Стрзалькамен таласты. Нәтижесінде қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, Жәмилә Бақбергенова 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ үш мәрте Азия чемпионатында топ жарды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын.

Құтты болсын!👏🏻👍