Цифрлық университет, Мұқағали, Корпоративтер. 14 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 декабря, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻

1️⃣ Қазақстанда цифрлық университет құрылады.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатовтың айтуынша, цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі процестер мен басқару процестерін түрлендіру.
«Цифрлық университет» моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелендірілген білім беру траекториялары мен курстарын, кеңістік пен форматтардың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді көздейді.
«Цифрлық университет» моделі 4 негізгі бағыттан тұрады:

деректерге негізделген басқару жүйелері;

сандық білім беру технологиялары;

жеке білім беру траекториялары;

цифрлық экономиканың құзыреттері.
Цифрлық трансформация үшін университеттер білім беру сапасын арттырып, барлық нысандағы студенттерді ынталандыру мақсатында технологияларды пайдалануға міндетті. Білім алушыларға жеке білім беру траекторияларын құру үшін мүмкіндіктер беріп, онлайн-курстарды пайдалана отырып, желілік білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды кеңейту керек.
«Цифрлы университет» моделін іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының бірінің базасында «цифрлық университет» моделі іске асырылады.

Қолдайсың ба?🤔


2️⃣ «Мұқағали» фильмі халықаралық кинофестивальде бірден бес жүлдені жеңіп алды.

Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмі Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес бірдей жүлдені жеңіп алды.

Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы хабарлады.

Айта кетейік, Сент-Эндрюс кинофестивалі (SАFF) — бұл халықаралық кинофестиваль. Бұл Шотландия мен бүкіл әлем бойынша кино саласындағы таланттардың есімдері белгілі болатын айтулы шара.

«Мұқағали» көркем фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл бұрын- сонды болмаған үлкен қуанышты жаңалық. Барша қазақ киносын қадірлейтін көрермендерге алғысымды білдіремін. Қазақтың ұлы ақының ұлықтаған фильм жастарға тек шабыт берсін, Мұқағали атамыздың өнерін дарытсын деп тілегім келеді! Тәуелсіздік күні қарсаңында әлемнің белді сыншылары өз бағасын берген бұл жүлделер- қазақ халқының ортақ жеңісі!», — деді фильмнің режиссері Болат Қалымбетов.

Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілді.

Қазақстандық прокатқа фильм 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын. Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.

Құтты болсын!😍 Фильмді тамашалауға кеңес береміз!📌

3️⃣ Жаңажылдық корпоративтер мен ертеңгіліктерге тыйым салынбайды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде коронавирусқа байланысты шектеу енгізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Үкімет кулуарында журналистер мемлекеттік органдарда бетперде режимі қайта енгізілуіне байланысты ковидтік шектеулер қатаңдатыла ма деп сұрады.

«Жоқ. Қазір вирустық инфекцияның да, коронавирус инфекциясының да өсімі байқалады. Біз әр апта сайын салыстырамыз. Тәулігіне 200-ден астам жағдай тіркеліп жатқанын көріп отырсыздар. Біз адам көп жиналатын орындарда маска тағуға кеңес береміз», — деді Ғиният.

Сондай-ақ ол жаңажылдық корпоративтерге тыйым салынбайтынын атап өтті.
«Әзірге жаңажылдық корпоративтер мен ертеңгіліктерге тыйым салынбайды. Өйткені жаппай ауыру жоқ», — деді денсаулық сақтау министрі.

Ал сенде жаңа жылға қандай жоспар? 😉