Цирк, Қанат Ислам, Евровидение. 8-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ «Қазақ мемлекеттік циркі» «Sunny show» атты жаңа халықаралық цирк бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама 8 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

Цирк бағдарламасына халықаралық цирк өнерiнiң бiрегей жұлдыздары қатысады. Олардың қатарында ТМД бойынша ең үздік сайқымазақ шебері, цирк өнерінен халықаралық фестивальдердің лауреаты Артем Малков бар. Дүниежүзiлiк каскадерлер академиясының «Таурус» (АҚШ) сыйлығының иегері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен атты-акробатикалық «Номад» тобы өнер көрсетеді.

Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшiлiгiндегi «Белдіктегі әуе гимнастары» «Азия жаңғырығы» XIII Халықаралық цирк өнері фестивалiнiң күмiс жүлдегерлері Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова да көрермендерді өз өнерімен тәнті етпек.

Керемет, барып қайтуға кеңес береміз!😍👍

2️⃣ Қанат Ислам жекпе-жекте кезекті жеңіске жетті.

38 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы оның құрдасы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, сегіз раундтан тұрды.

Ислам төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Марсель мансабында 18-ші рет жеңілді.
Еске салайық, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің мансабындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі бірінші жеңіс болды.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ 2023 жылы «Евровидение» музыкалық байқауы Украинаның орнына Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді.

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) қауіпсіздік мақсатында осындай шешім қабылдады.
Өткен жылы байқаудың жеңімпазы атанған Украинаға бұл жолы артықшылық беріледі – бұл елдің өкілі бірден финалға өтеді.

Еске салсақ, 2022 жылы украиналық Kalush Orchestra «Евровидение» байқауында Stefania әнімен жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ байқауды өткізу құқығына Глазго қаласы да таласқан болатын.