Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Қазақстанның боксшы қыздары — Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды.
48 келі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Оның қарсыласы – жапониялық Като Хикару жарақат алып, жекпе-жекке шықпай қалды.
Артынан 54 келі салмақта Жайна Шекербекова Тайланд боксшысы Джутамас Джитпонгпен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ал 57 келіде Карина Ибрагимова тағы бір жапониялық Ирие Сенамен қолғап түйістірді. Үшінші раундта Карина нокдаун алып қалды. Дегенмен төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻😍
2️⃣ 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп сатылған автокөліктер маркасының көшін Chevrolet, Hyundai, Kia бастады.
Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығы хабарлады.
Он айда елімізде 97 737 көлік сатылса, былтыр 96 848 көлік сатылған.
Брендтер арасында Chevrolet сегізінші ай қатарынан көш бастап тұр – 3 137 бірлік. Одан кейін Hyundai мен Kia келеді. Chery автокөліктері қазан айында алғаш рет төртінші орынға көтерілді – 670 бірлік. Одан әрі тізімде: Toyota, Exeed, Lada, JAC, Lexus және Haval.
Қазан айының қорытындысы бойынша көп сатылған автокөліктер:
Chevrolet Cobalt – 2 193 бірлік;
Hyundai Tucson – 976;
Chevrolet Nexia – 729;
Kia Ceed – 484;
Toyota Land Cruiser Prado – 416;
Chery Tiggo 7 Pro – 376;
Kia Sportage – 264;
Hyundai Accent – 264;
Hyundai Elantra – 243;
Kia K5 – 227.
Он айдың қорытындысы бойыншаChevrolet тізімді бастады – 27 622 бірлік, екінші орында Hyundai – 22 435 бірлік, Kia үздік үштікті түйіндеді — 11 135 бірлік. 2022 жылы ең көп сатылатын ТОП 10-ға Toyota, Lada, Chery, JAC, Lexus, Renault және Exeed кіреді.
Ал саған қандай маркадағы көлік ұнайды?🤔
3️⃣ 13 қарашада Алматыда жүгіруден қалалық «City Run 2022» шарасы өтеді. Соған байланысты жолдарда көлік қозғалысы жартылай жабылады.
Жарыстың ұйымдастыру комитеті сөре Астана алаңында болатынын айтты.
Сонымен көлік қозғалысы мына көшелерде жартылай жабылады:
* Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі бөлігі – 04:00-ден 11:00-ге дейін;
* Төле бикөшесінің Наурызбай батыр мен Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігі – 07:45-09:40;
* Наурызбай батыр көшесінің Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігі – 08:00-ден 09:30-ға дейін;
* Шевченко көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі бөлігі – 08:05-09:20;
* Панфилов көшесінің Төле би көшесі мен Бөгенбай батыр көшесіндегі бөлігі – 08:15-09:45;
* Бөгенбай батыр көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесіндегі бөлігі – 08:15-тен 09:45-ке дейін;
* Абылай хан даңғылының Төле би көшесі мен Бөгенбай батыр көшесіндегі бөлігі – 08:15-09:45.
Сен қатысасың ба?🔥