Дабыл, Лоторея, Америка.7 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Ақпан, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Америкада Жамбыл Жабаевтың ерекше суреті табылды.

Бұл туралы Egemen мәлімдеді.

Бұл – 1951 жылы Нью-Йорк қаласында баспадан шық­қан «Кеңестер Орта Азияда» кіта­бы. Ұлыбританиялық зерттеу­ші Зелда Коутес пен Уиллиям Коу­тес бірлесіп жазған бұл кітап сол кездегі кеңес одағында­ғы республикалардың жағда­йын баян етеді.

Жамбыл атын­да­ғы музейдің қазіргі директоры, Жам­был Жабаевтың неме­ресі Сал­танат Тезекбайқызы Жам­бы­ло­­ваның сөзінше, бұл сурет негізінен ІІ дүниежүзілік соғыстан бұрын түсі­рілген болуы керек.

«Ол кісінің сурет­тері өте көп, бірақ мынау өз­геше сурет екен. Өйткені бұл жер­де отырған кісілер де –  бізге таныс адамдар. Сол жақта малдас құрып отырған кісі – Ғали Ор­манов, Жам­был атамыздың әде­би хатшы­сы болған. Ал ақ жей­делі, жерде жан­тайып жатқан – атамыздың аудар­машысы, хат­шысы Павел Нико­лаевич Куз­нецов, ар жағын­да отырған кісі Қадыр Хасенов. Атамыздың біраз өлеңін ұйғыр, қытай тілі­не аударған. Оң жақ­та жантайып жатқан кісі – менің әкем Тезек­бай Жамбылұлы. Ал киіз үй­дің босағасында отыр­ған – атамыз­дың ұлы Қожаштың қызы Діл­дәхан тәтеміз. Ол кісі сек­сен жастан асып қайтыс болды. Біз бұл суретті көріп, қуанып қал­дық. Атамыздың 1936–1945 жыл­дар аралығындағы суреттері біз­ге жеткен, ал оның алдын­да­ғы кезден 1913 жылғы бір сурет қана бар, осы жылы Романовтар әуле­тінің патшалық құрғанына 300 жыл толуына байланысты Жетісу өңі­рінен 15 ақынды ақ патшаны мақ­тап, өлең айтасыңдар деп ша­қырған екен, сондағы суреті сақ­талған. Мен 1981 жылдан бастап атамыздың атындағы музейде жұ­мыс істеп келемін, ғылыми қыз­меткер, қор сақтаушы болып қыз­мет атқардым. 2018 жылдың аяғынан бері Жамбыл атындағы му­зейдің директоры болып жұмыс істеймін, бұл суреттің бізде қалай сақталмай қалғанын білмеймін», – деді ол.

Керемет!😍

2️⃣ Елімізде танымал лотерея дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды.

Республика бойынша Lotomatic терминалдары мен киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды.

Туризм және спорт министрлігі былтыр мамыр және қараша айларында лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру туралы ұсынымдар жолдады.

«Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында Lotomatic терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Алайда кейбір жерлерде Lotomatic «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін», – деп жазды ведомство.

Министрлік азаматтарды заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды және қырағы болуды ескертті.

«Сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған Lotomatic киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз министрліктің Telegram хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралады. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады», – дейді министрлік.

Жақсы бастама болды!👍

3️⃣ Ертең бүкіл Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады.

8-9 ақпанда Қазақстанда су тасқыны кезінде төтенше жағдайды жоюға дайындық бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Жаттығу кезінде елдегі барлық сиреналар қосылады.

«Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12.55 – те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр сиренасы іске қосылады», – делінген хабарламада.

Республикалық оқу-жаттығу штабы Ақтөбеде орналасады.
Министрлік азаматтардан тыныштық сақтап, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрады.

Бұған дейін елде жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізілетіні хабарланған болатын.

Жақындарыңызды құлағдар етіп қойыңыз!📌