DALA DAUYSY, Арина Гладышева, Қазақ аруы.16-шы қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ 16 жастағы Арина Гладышева жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды.

Арина Гладышева 3000 метр қашықтықта барлық қарсыластарын басып озды. Осылайша, өскемендік 16 жасар жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Азия чемпионатының алтынын салды.

Бұған дейін Сабина Арзиева осы жарыстардың құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілген болатын. Ол 5000 метрге жаяу жүруде үздіктердің бірі болды.

Құтты болсын!😍😍😍

2️⃣ «Қызылорда аруы» байқауында бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі жеңіп алды.

Қызылордада жыл сайынғы «Қызылорда аруы» байқауының финалдық кезеңі өтті.

Ақтық сында кешкі көйлектер, ұлттық киімдер және шығармашылық нөмірлермен сән көрсетілімінде өнер көрсеткен 11 ару өңірдегі ең сұлу бойжеткен атағына таласты.

Шоу екі сағаттан астам уақытқа созылды, финалға шыққандардың бәрі сұлу. «Қызылорда аруы-2022» атағын қаланың екі мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып істейтін Жадыра Мырзахан жеңіп алды. Ал заңгер студент Дильназ Шермахан вице-мисс болды.

Өнерлі ұстаз екен!👍🔥

3️⃣ DALA DAUYSY республикалық конкурсы жарияланды.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жазды.

«Жалпы жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын конкурс негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Оның ішіндегі «25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесін өнерпаздарымыз шығармашылықтарына арқау ету үшін арнайы тағайындалған «Республика әні» (эстрада жанры бойынша патриоттық әндер) номинациясын ерекше атап кетуімізге болады»- дейді Дәурен Абаев.
Сонымен жоғарыда айтылған 5 номинация:

«Үздік фольклорлық музыка»;

«Үздік классикалық музыка»;

«Үздік драматургиялық туынды»;

«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы»;

«Республика әні» (Эстрада жанры).
Сонымен қатар мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс жаңа авторды елге танытуға, тың туындылардың көпшікке таралуына, патриоттық әндердің кеңінен насихатталуына серпін береді.
Конкурс туралы толық ақпарат Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының www.kaztheatre.kz сайтында көрсетілген.

Өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданып, сыйлықт желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Байқауға сен де қатысып көр! ✊🏻