DALA DAUYSY, Робототехника, Геннадий Головкин.18-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттелді.

Боксшыларға ресми хат түскеннен кейін келіссөз басталады. Оған Головкиннің жеке промоушені – GGG Promotions, ал Фалькаоның атынан Боб Арумның Top Rank компаниясы қатысады.

Айта кетері, бұған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өзінің орта салмақтағы «супер чемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті үміткермен – кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізуге қаулы шығарған болатын.

Келіссөзге 30 күн берілген. Ал WBA мен IBF-нің бірлескен шешімінен кейін Лара тағы бір жекпе-жек өткізіп, артынан Головкин-Фалькао жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтаса алады. Бірақ бұл үшін екі боксшы бір келісімге келуі керек.

Жеңіс тілейміз!🙌🏻✊🏻

2️⃣ Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста жеңіске жетіп, рекорд орнатты.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Балалармен телефон арқылы байланысып, жеңіспен құттықтадым. Олар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Бұл робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еліміздің намысын ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы қорғады. Олардың барлығы FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары.

Оқушыларымыз 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты.
Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

«Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық білімі мен дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндіктер жасауды жалғастыра береді. Соңғы 3 жылда елімізде 41 IT-мектеп ашылды. Қазір онда 55 мың бала оқып жатыр. Сондай-ақ білім алушыларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген, олар да цифрлық білімді дамытуға бағытталған», – деп жадзы Аймағамбетов.

Президент білім беру саласындағы цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. ІТ-мектептердің ерекшелігі – ІТ-технологиялар саласында мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу.
Сондай-ақ жыл сайын IT-мектептер саны көбейе береді.

Жарайсыңдар!😍😍😍

3️⃣ DALA DAUYSY республикалық конкурсы жарияланды. Жүлде қоры 46 млн теңге.

Мәдениет және спорт министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен олардың авторларын қолдау мақсатында DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялады.
Жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын конкурс негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Жаңа жобаның басталғаны туралы министр Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жаңа өнер туындылары авторларын қолдауға бағытталған DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялап отырмыз. Жаңа авторларды елге танытуға, тың туындылардың көпшілікке таралуына, патриоттық әндердің кеңінен насихатталуына серпін беретін конкурс шығармашылық иелерін бей-жай қалдырмайды деп сенеміз», – деп жазды Дәурен Абаев.

Жеңімпаздар «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі номинациялары бойынша 2022 жылғы желтоқсанда марапатталады.
Өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады.

Сен де қатысып көр!🔥👍