Данэлия Төлешева, Банкрот, Сейсмоаудит. 9 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Ақпан, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ Алматыда жаңа сейсмоаудит жүргізіледі.

Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде.

«Барлық сейсмикалық талап ескерілді, мұны қала әкімі ретінде ресми түрде айтып отырмын. Бұл қаланың сейсмикалық аймақтарға бөлінуі ескерілмеген бірде-бір жер жоқ. Абай даңғылынан жоғары жақтағының барлығы – 10 балл, төмендегінің барлығы – 10 және 9 балл», – деді Досаев қала тұрғынының сұрағына жауап беріп.

«2017-2018 жылдары аудит жүргізілді. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында қаланың жаңа сейсмикалық аудитіне кірісеміз», – деді ол.

Қаланы жаңа сейсмикалық аймақтарға бөлу картасы 2021 жылдың 1 шілдесінде бекітілді. Онда 2020-2021 жылдары анықталған жаңа тектоникалық жарықшақтар ескерілген.

Сақтық шараларын қадағалап жүріңіздер!🙌🏻🙌🏻🙌🏻

2️⃣ 16 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешева America’s Got Talent шоуында тағы да өнер көрсетті.

Ол Дункан Лоуренстің Arcade әнін орындады.

Данэлия сахнаға шыққан сәттің видеосы шоудың ресми парақшасында жарияланды.

Жас қазақ қызының өнері жобаның әділ-қазылары мен барша көрерменнің көңілінен шықты. Данэлияға олар түрегеп тұрып қошемет көрсетті.

Америкалық шоудың көрермендері аруымызға үлкен қошемет көрсетті. 😍

3️⃣ «Банкрот» статусы бар азамат Қазақстаннан шыға алмайды.

Бұл туралы kaz.tengrinews мәлімдеді. Қазақстанда жақын арада жеке тұлғалардың ресми банкроттық рәсімі күшіне енеді.

Банкроттықты анықтау механизмінің екі түрі бар: соттан тыс және сот арқылы.

Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
Соттан тыс банкроттық әлеуетті банкроттың қарызы 1600 АЕК-тен аспайтын жағдайда қолданылады; ол қарызды төлеу арқылы сатуға болатын мүлікке иелік етпейді; қарызды төлеу мерзімі 12 айдан асады.
Соттан тыс банкроттық тетігі банк, микроқаржы ұйымы және коллекторлар алдында берешегі бар қазақстандықтар үшін қолданылады. Осы рәсім шеңберінде алимент және өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша қарыздар есептен шығарылмайды.

Соттан тыс банкроттықты борышкердің өзі бастайды, рәсім алты ай ішінде жүзеге асырылады. Ол аяқталғаннан кейін берешек толығымен есептен шығарылады. Бұл ретте қаржы басқарушысы борышкердің қаражатына билік етеді. Банкрот өзіне және оның асырауындағы әрбір отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің сомасымен шектеледі.

Соттан тыс банкроттық кезінде борышкерге елден тыс жерлерге баруға және несие алуға тыйым салынады. Бұл ретте өсімпұлдар есептелмейді, банкроттың банктік шоттарынан қаражат есептен шығарылмайды.

Сот банкроттығы берешек сомасы 1600 АЕК-тен асқан және мерзімі 12 айдан асқан жағдайда қолданылады. Бұл ретте әлеуетті банкроттың меншігінде бағалау құнының 75%-нан төмен емес құны бойынша сатуға және түскен ақша есебінен қарыздарын өтеуге болатын мүлік болуға тиіс.

Бұл заңды да ескере жүріңіздер!✔️