Darkhan Juzz,Кубок, Телехикаялар. 25 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Ақпан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!

1️⃣ Қазақстанда 1 миллион сыйақысы бар алғашқы «Nauryz» ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.

Отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыда бағалайтын «Nauryz» ұлттық бәйгесі биыл ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізіледі.

«Бәйгенің негізгі мақсаты – сериалдық контентті дамытуды қолдау, отандық және халықаралық онлайн платформаларда қазақстандық телехикаяларды көрермен арасында танымал ету», – деп хабарлады ақпарат министрлігі.

nauryz-awards.kz сайтында ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім беру 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады.

Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналар эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады.

Конкурстық өтінімдерді республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және сериалдарды өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары бере алады.

Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:

Үздік тарихи сериал

Үздік драмалық сериал

Үздік комедиялық сериал

Үздік веб-сериал

Үздік актер

Үздік актриса

Екінші пландағы үздік актер

Екінші пландағы үздік актриса

Үздік режиссер

Үздік сценарист

Үздік қоюшы-оператор

Үздік монтаж

Үздік саундтрек.

Жеңімпаздар наурыз айында белгілі болып, оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге сыйақы табысталады.

Сен де бағыңды сынап көр! 😍👍

2️⃣ Әнші Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «õzen» музыкалық лейблінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс атқарылады. Оның музыкасы мәңгі сақталсын», – делінген «õzen» лейблінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Сонымен бірге, желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің артында қалған екі баласы мен отбасына қолдау көрсету үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.

Darkhan Juzz-дің қай әндері ұнайтын еді?🙂

3️⃣ Стендтік атудан Азия Кубогінде қазақстандық мергендер 5 медаль алды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қуанышты жаңалық! Қазақстандық мергендер кезекті рет ең беделді халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап, лайықты өнер көрсетті. Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды: 2 «алтын», 1 «күміс» және 2 «қола». Барлық жүлдені «скит» жаттығуында – дөңгелек стендте атудан жеңіп алды.
Шымкент қаласының мергені Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сынды спортшылардан жасақталған құрама командалық жарыста алтын алды.

Құтты болсын!🔥