Дарын, Инсульт, Бағдарлама. 3 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 августа, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Жамбылдық оқушылар инсульт, инфарктан құтқаратын сағат жасады.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Бұл ақылды сағатты Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8-сынып оқушысы Адия Тұрсынбай ойлап тапқан.
Сағатқа дене температурасын, қандағы оттегі пайызын, жүрек қағысын бақылап тұру функциялар енгізілген. Сондай-ақ, ол науқас құлап қозғалыссыз қалған жағдайда туысына немесе жедел жәрдемге дабыл жібереді. Ең бастысы, науқастың мекен-жайын, жатқан жерін нақты көрсетеді.
«Науқастарға түрлі себептермен алғашқы көмек уақытынан кеш беріліп жататын кездер болады. Осындай жағдайлардың алдын алу және науқастарға көмектессек деген оймен алғашқы көмектің жедел келуін қамтамасыз ететін сағатты жасап шығардық», — дейді жас өнертапқыш Дулат Исабек.

Оқушылардың өнертабысын сынап көру үшін кардиолог пен пациенттердің портативті аппаратпен динамикалық бақылауы жүргізілді. Дулат пен Адия алдағы уақытта сағатты адамдардың үнемі тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасау жолдарын қарастыруда.

Сағат “Екінші жүрек” деп аталады.🔥

2️⃣ «Дін психологиясы» мамандығы алғаш рет жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етт

«Ғылым және жоғары білім министрлігі және жергілікті атқарушы органдар отандық оқу орындарда дін саласындағы мамандықтар бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранттарын бөлетінін атап өту қажет. 2022-2023 оқу жылдарына білім беру бағдарлама топтары бөлінісінде «Дінтану», «Исламтану» және «Теология» мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекет тарапынан 287 мемлекеттік білім гранты бөлінген», — деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Елімізде дінтанушы-психолог, теолог-психолог мамандарын даярлау қажеттігінің туындауына байланысты министрліктің бастамасымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Дін психологиясы» мамандығын ашу жоспарланған.
«Осы ретте аталған университет 7М022 — Гуманитарлық ғылымдар бағыты, М051 — «Дінтану және теология» білім беру бағдарлама тобының магистратура деңгейі бойынша «Дін психологиясы» білім беру бағдарламасын әзірлеп, биыл маусым айында Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының білім беру бағдарламасы тізіліміне енгізді және 2023-2024 оқу жылына студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен, елге оралған азаматтарды радикалды көзқарастан арылту жұмыстарының тиімділігін жоғарылатады деп күтілуде», — деді ведомстводан.

Енді жаңа маман иесі атануға болады!👍

3️⃣ Қазақстанда «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығын беру ережесі өзгереді.

Атап айтқанда, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациясына «Шығармашылық бастамалар» қосылды.

Енді сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі:

1. Әдебиет;
2. Ғылым;
3. Дизайн және бейнелеу өнері;
4. Журналистика;
5. Классикалық музыка;
6. Шығармашылық бастамалар
7. Спорт;
8. Театр және кино;
9. Тренд;

Жаңа ережелер көңіліңізден шыға ма? 🤔