Daryn, Мотокөлік номері, Жазушылар. 17-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ “Daryn” интеллект шоуының іріктеу кезеңі басталды. Бұл сайысқа еліміздің барлық аймағындағы 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Қатысу үшін өз облысыңыздың немесе тұратын қалаңыздың білім басқармасына хабарласыңыз.

Қосымша сұрақтар бойынша телефон номер: 8 702 500 3003

Сен де қатысып, бағыңды сынап көр!🔥

2️⃣ 2023 жылдан бастап 18-29 жас аралығындағы жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады.

🖋 Бұл туралы Павлодар облысы тұрғындарымен кездесу барысында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.

“Біз «Жаңа қазақ әдебиеті» атты жаңа жобаны қолға алдық, оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен жаңа идеяларын қолдайды», – деді Дәурен Абаев.

Керемет, расымен тың шығармаларды жарыққа шығару үшін жазушылар мен ақындарға қолдау қажет! 👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣Полиция департаментінің мәліметінше елде белгілі бір санаттағы азаматтар автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Олар:

Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдар 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері бүгінгі күні автомобиль үшін 2,8 АЕК (8 576 теңге) және тіркемелер мен мотокөлік үшін 1,4 АЕК (4 288 теңге) құрайды.
Алайда, бұл салық кодексінің жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге арналған нормасы 001-009, 100-999, 010-090, 777, 707, 077 оның ішінде әріптік белгіленуі бірдей) қолданылмайды.