Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстандық әнші Ерназар Жұбан “Славян базары” байқауында бірінші орын алды.
Беларусте “Витебсктегі славян базары” эстрадалық ән орындаушылар байқауы аяқталды. Мұнда бас жүлдені молдовалық әнші Каролина Балан, ал бірінші орынды қазақстандық Ерназар Жұбан жеңіп алды.
Өнер иесі “Подберу музыку” композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Оған 70 ұпайдың 69-ы берілді.
Өнерпаздарды Ресей, Молдова, Мексика, Дания және Болгариядан келген танымал әншілер мен продюсерлер бағалады. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды.
Жеңіс құтты болсын!😍👍
2️⃣ Креативті бастама иелері де “Дарын” жастар сыйлығына ұсынылуы мүмкін.
“Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялар қатары тағы бір аталыммен толығуы мүмкін.
Қазіргі таңда аталмыш сыйлық мынандай номинациялар бойынша беріледі:
1. Әдебиет;
2. Ғылым;
3. Дизайн және бейнелеу өнері;
4. Журналистика;
5. Классикалық музыка;
6. Қоғамдық қызмет;
7. Спорт;
8. Театр және кино;
9. Эстрада;
10. Халық шығармашылығы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қатарға “Креативті бастамалар” атты жаңа номинация қосуды ұсынып отыр.
Бұл бастама “Ашық НҚА”
порталында 29 шілдеге дейін талқылауға шығарылып отыр.
Керемет мүмкіндік болмақ🔥
3️⃣ Қазақстанда су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады.
Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласына кадр даярлау шараларын қолға алып жатыр. Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Биылғы сәуір айында ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институтын тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы қалпына келтіру шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Аталған міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта құру және оның негізінде екі ЖОО — «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын («ТарУ» КеАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын («ҚазҰСШИУ» КеАҚ) құру туралы шешім қабылдады.
Оқу орындары олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды. Осылайша, арнайы оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде даярлайтын болады.
ҚазҰСШИУ-да «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа ЖОО студенттер қабылдай алады деп жоспарланып отыр.
ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді. Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны 4 000 білім алушыны құрайды.
Болашақта су шаруашылығы мамандарына сұраныс артпақ📌