Демалыс, Докторантура, Құрылысшы жалақысы. 16-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Тамыз, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық оқушылар енді 31 мамырға дейін оқиды.

«Келесі оқу жылы 1 қырқүйекте басталып, 36 аптаға созылып 31 мамырда аяқталады. Яғни жаздың бірінші күнінен бастап оқушылар дәстүрлі жазғы демалысқа шығады. Сәйкесінше жаз айлары толығымен балалардың демалыс уақыты бола береді», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Ол жазғы каникулдың ұзақтығы білім саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда ең ұзақ – 92 күнді құрайтынын атап өтті. Бір оқу жылында балаларға 4 рет демалыс қарастырылған.

Бұл заң көңіліңнен шықты ма? Оқу жылын ұзарту қаншалықты дұрыс деп ойлайсың? 🤔

2️⃣ Докторанттар осы оқу жылынан бастап 195 мың теңге шәкіртақы алады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Оның айтуынша, республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалған. Бұдан басқа, жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейінде стипендия 20% өседі. Ал, магистратура және докторантура стипендиясы 15% өседі. Енді жыл сайын 15-20 пайыз өсіп тұрады. Мысалы, докторанттар осы оқу жылынан бастап 195 мың теңге шәкіртақы алады. Бұл норма шамамен 161 мың білім алушыға қатысты болады.

Керемет жаңалық екен😍👍 Жақсы мүмкіндіктер ашылып жатыр👏🏻

3️⃣ 2021 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақы «Азаматтық құрылыс» саласындағы басқарушыда болғаны айтылды. Нақтырақ айтсақ, сомасы – 4,5 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар «Шикі мұнай және табиғи газ өндіру» саласындағы бас директорда – 3,9 млн теңге және «Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату» саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директорда – 3,9 млн теңге болып белгіленді.

ҚазАқпараттың ресми сауалына жолданған жауапта жалақы мөлшері лауазымға және экономикалық қызмет түрі, аймақ, біліктілік, жұмыс өтілі және басқалары сияқты маңызды факторларға байланысты екені айтылған.