Демалыс күндері қайда баруға болады?(1,2 қаңтар)

Автор: редактор 30 декабря, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана  қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

🍭Жаңа жылдық концерт

Мұнда көрермендер үшін отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Содан соң мерекелік шара отшашумен жалғасын табады.

Орны: «Астана» алаңы

Күні: 31 желтоқсан, басталуы 22:00

 

🦌Көк-төбедегі жаңа жыл

2024 жылды ашық аспан астындағы саябақта қарсы алыңыз. Мұнда келушілерге көптеген тосынсыйлар табысталады. Соның ішінде отшашу мен концертті ерекше атап өтуге болады.

Орны: «Көк Төбе» мәдениет және демалыс саябағы, Достық даңғылы 104 б

Күні: 31 желтоқсан, басталуы 21:00

 

🫐«Өнерден ләззат ал!” халықаралық көрмесі 

Көрмеге Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Корея, Германия және Қазақстанның әр өңірінен келген 36 суретшінің жұмысы қойылады. Мұнда 70-ке жуық туындыны тамашалауға болады. Олар кескіндемеден бастап керамика мен сәндік-қолданбалы өнерге негізделген. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні:30 және 31 желтоқсан, 11: 00-19: 00

 

👍Qazart Viewing Rooms көрмесі

Көрмеде қазақ суретшілерінің 1990-2023 жылдар аралығында жасаған кескіндемелері, мүсіндері, арт-бейнебаяндары және қағаз бетіндегі туындылары ұсынылады.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні:30 және 31 желтоқсан, 12: 00-20: 00

 

🚗New Year art fair жәрмеңкесі

Заманауи өнер жәрмеңкесінде шығармашылық өнердің түр-түрін тамашалай аласыз. Сонымен қатар танымал әрі жаңадан қалам тербеген суретшілердің туындыларын тиімді бағада сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Іс-шара барысында дәрістер, қойылымдар, концерттер, сурет салу сабақтары және кино көрсетілімдер өтеді. 

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні:30 және 31 желтоқсан, 10: 00-18: 00

 

🎁«Рахта» көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні:30 және 31 желтоқсан, 11: 00-19: 00

 

 

АСТАНА:

 

🎩»Жаңа жыл» мерекелік концерті

Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала алаңында, ЕХРО маңында және «Қазақ Елі» монументінің алаңында мерекелік концерт өтеді.

Күні: 31 желтоқсан, басталуы 22:00

 

🍪»Жаңа жылдық жүгіру — 2024″

Жарысқа қала тұрғындары, қала қонақтары және спорт әуесқойлары қатыса алады. Жүгіру бағыты Ботаникалық бақтан “Нұр Әлем” павильонына дейін жалғасады. 2023 жылы 30-31 желтоқсан сағат 19:00-дан 20.00-ге дейін старт пакеттері таратылады. Ал жарыс алдында фитнес-жаттықтырушымен дене жаттығулары жасалады. Сонымен қатар қатысушыларға медаль табысталады.

Орны: Ботаникалық бақ

Күні: 31 желтоқсан, басталуы 20:00

 

❤️Аржан Ютеевтің «Қасқыр жолы» көрмесі

Суретшінің шығармалары басты құндылықтарға негізделген. Жан. Тарих тамыры. Ұрпақтар арасындағы байланыс. Сезім сұлулығы. Ежелгі аңыздар туралы баяндалады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 30 және 31 желтоқсан, 10:00 — 20:00

Айтпақшы, әр жұма сайын тегін кино билеттерін арнамызда өткізілетін викторинадан ұтып алуыңызға мүмкіндік бар!