Демалыс күндері қайда баруға болады?(13,14 қазан)

Автор: редактор 14 Қазан, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

🙌»Hi, Өнер» фестивалі 

Мұнда сізді қойылымдар, акциялар, инсталляциялар, квесттер, шеберлік сабақтары, кино көрсетілімі және жәрмеңкелер күтеді. Сонымен қатар тек көрермен ғана болып қоймай, өнер жобаларының белсенді қатысушысы бола аласыз. Жақсы демалып, дәмді тамақтануыңызға да мүмкіндік бар.

Орны: Барибаев 36-дағы үй, Барибаев көшесі, 36

Күні: 15 қазан, 13:00-20: 00

 

💫Сүт безі обыры күніне орай «Қызғылт қазан» дәрісі

2020 жылы сүт безі қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулардың ішінде бірінші орынға шықты. Шарада маммолог, лимфолог, химиотерапевт, реабилитолог, клиникалық психолог сынды дәрігерлер сөз сөйлейді. Дәріске тақырыпқа қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады. Сондықтан бүгін үлгеріп қалыңыз!

Орын: Satbayev University, Art Lab, Сәтбаев көшесі, 22

Күні: 14 қазан, 12: 00

 

🤩 “Рахта” көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні: 14 және 15 қазан, 11:00-19: 00

 

✍️Суретші Марина Сонмен Artist talk

Марина Жүргенов Өнер Академиясының «Киім дизайны» мамандығы бойынша білім алған. Содан соң ұзақ уақыт бойы осы салада жұмыс істеді. Ал өмірінің келесі кезеңі Оңтүстік Кореяда жалғасын тапты. Онда суретші халықаралық көрмелерге қатысып, бейнелеу өнерінен сабақ берді.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 14 қазан, 17: 00

 

👨‍👩‍👧‍👦»Жоғалып бара жатқан портреттер: Алманың тарихи сорттары» көрмесі

Көрмеге келушілер атақты суретшілердің картиналары арқылы әлемнің көптеген өркениеттерінде өмірдің, махаббаттың, таным мен өркендеудің символы болып саналатын, ал қазақстандықтар үшін сүйікті қала – Алматы қаласының ерекшелігіне айналған ең көне мәдени жемістердің бірімен жақынырақ таныса алады. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 14 және 15 қазан, 11:00-19: 00

 

😱 «Антропоцен: ақырзаманнан кейін қалай өмір сүреміз?” дәрісі

AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің доценті Александр Вилейкис антропоцен концепциясы қазіргі заманғы мәдениеттің барлық өкілі үшін шабыттың қайнар көзіне қалай айналып жатқанын айтып береді. Осыған орай оған көрмелер, бейнефильмдер мен кітаптар арналады. 

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні:14 қазан, 14: 30

 

АСТАНА:

 

😇»Амандос Ақанаев әлемі» Көрмесі

Шебердің суреттері өзіндік стилімен, ұлттық нақышымен және заманауи техниканың үйлесімімен ерекшеленеді. Оның туындылар әлемі түрлі-түсті көшпелілер мәдениетінің бояулы, қиялмен берілген көлемді көркем шежіресіне негізделген. 

Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54

Күні: 15 қазан. 10:00-17:00

 

🧐»QAZAQ Content» көрмесі

Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Алмас Нұрғожаев және Шалқар Қабдештің ең үздік жұмыстары көпшілікке ұсынылады. Бұл үш түрлі суретшіні батылдық, картиналардың философиясы мен рухани мазмұны біріктіреді. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 14 және 15 қазан. 10:00 – 20:00

 

✍️»У Наенмен Қазақстандағы кездесу: ертегілердегі ханбок» көрмесі

Корей суретшісі У Наен жұмыстары корей дәстүрлі «ханбок» киімінің тақырыбына негізделген және дәстүрлі элементтерді біріктіретін иллюстрацияларының арқасында өнер әлемінде ерекше орын алады.

Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54

Күні: 15 қазан. 10:00-17:00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз.Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз.Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!