Демалыс күндері қайда баруға болады?(16,17 желтоқсан)

Автор: редактор 16 декабря, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана  қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

✍️«Рахта» көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні: 16, 17 және 18 желтоқсан, 11:00-19:00

 

🎄New Year art fair жәрмеңкесі

Заманауи өнер жәрмеңкесінде шығармашылықтың түр-түрін тамашалай аласыз. Сонымен қатар танымал әрі жаңадан қалам тербеген суретшілердің туындыларын тиімді бағада сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Іс-шара барысында дәрістер, қойылымдар, концерттер, сурет салу сабақтары және кино көрсетілімдер өтеді.

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 16, 17 және 18 желтоқсан, 10:00-18:00

 

🌺«Суретші және қазіргі заман» көрмесі

Филипп Вайншенкердің туындылары жай ғана сурет емес — біртұтас тарих. Оның қолжазбасы суретшінің батылдығы мен шығармашылық еркіндігінің көрінісін бейнелейді. Ендеше суретшінің өнерді стандартартты емес көзқараспен жеткізген туындыларын сіз де тамашалап қайтыңыз.

Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі, 92

Күні:16 және 18 желтоқсан, 12: 00-19: 00

 

🐾Арт принттің сатылымына арналған көрме

Жәрмеңкеде оннан астам автордың ерекше жұмыстары ұсынылады. Атап айтатын болсақ, фотосурет, плакаттар, линогравюра, цианотипия бағытындағы өнер туындыларын тамашалауға болады. Әр автордың өзіндік стилі мен жұмыс жасау тәсілі болғандықтан, көрмеде әртүрлі баға санатындағы қызықты әрі бірегей баспаларды кездестіруге болады. 

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 17 желтоқсан, 17:00-21: 00

 

 

АСТАНА:

 

🎨 «1933-2023. Қазақстан Суретшілер Одағына – 90 жыл!“ халықаралық көрмесі

Көрмеде еліміздің әр өңірінен келген суретшілердің, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия, Литва, Украина, Беларусь, Молдова, Бурятия және Канададан келген екі жүзден астам өнер шеберінің 270-тен астам өнер туындылары ұсынылады.

Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54

Күні:17 желтоқсан, 10:00 — 17: 00

 

🎭Gastromania жаңа жылдық фестивалі

Қонақтарды дәмді тағамдар мен сусындар, шеберлік сабақтар, фотоаймақтар, сыйлықтар, жаңа жылдық кәдесыйлар, қолдан жасалған бұйымдар, конкурстар мен ұтыс ойындары күтеді. Сондай-ақ диджейдің әуенді музыкасын тыңдап, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік бар. Мұнда 100-ден астам компания өз өнімдерін ұсынады.

Орны: «ЭКСПО» көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1

Күні:16 және 17 желтоқсан, 10:00 — 19:00

 

🏵«Мен сені жақсы көремін. Maintenant, je te vois” авторлық фотосурет көрмесі 

Француз суретшісі Адель Желански Қазақстанға арналған фотосурет топтамасын дайындады. Өнер иесі шығармашылық жобасын таныстыру мақсатында Алматы, Алтай, Маңғыстау, Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Астана қалаларын аралады. 

Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54

Күні:17 желтоқсан, 10:00 — 17: 00

 

📌 Аржан Ютеевтің «Қасқыр жолы» көрмесі

Суретшінің шығармалары басты құндылықтарға негізделген. Жан. Тарих тамыры. Ұрпақтар арасындағы байланыс. Сезім сұлулығы. Ежелгі аңыздар туралы баяндалады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 16, 17 және 18 желтоқсан, 10:00 — 20: 00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз!