Демалыс күндері қайда баруға болады?(2,3 қыркүйек)

Автор: редактор 02 сентября, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

✍️Fahrenheit fest жазушылар мен заманауи шығармашылық фестивалі

Алғашқы жазушылар фестивалі шығармашылықтың барлық түрін қамтиды. Мұнда қонақтар заманауи өнер аурасын сезіне алады. Сонымен қатар мұнда баспалар мен баспаханалар жәрмеңкесін, комикс суретшілері мен иллюстраторлар аймағын, шығармашылық бос орындар жәрмеңкесін, шығармашылық қоғамдар мен клубтар аймағын, жазушылар мен ақындар аймағын, кітап алмасу және шығармаларды талқылау аймағын да тамашалауға мүмкіндік бар. Фестиваль соңы концерт және флешмобпен аяқталады. 

Орны: ТРЦ Forum, Event Space, Т. Сейфуллин даңғылы 617

Күні: 2 қыркүйек. 11:00-21:00

 

🚗Қазақстан автошоуы 2023

Бұл іс-шара сіздің көліктерге деген көзқарасыңызды өзгертеді. Мұнда DJ мен әртістер арнайы өнер көрсетеді. Сонымен қатар іс-шараның серіктестері дайындаған конкурстар мен сыйлықтар да бар.

Орны: Орталық стадион, Сәтбаев көшесі, 29/3

Күні: 3 қыркүйек. 10:00-21:00  

 

🎬Ашық Кинотеатр

Фильмді ыңғайлы қалыпта тамашалау үшін көрпеше алып шығыңыз. Ал балалар тек ересектердің бақылауымен қатыса алады. Өзіңізбен бірге тамақ-сусыныңызды әкелуге рұқсат етілмеген. 

2 қыркүйек 20:00 – де — «Ледниковый период 2», 23:00-де — «Бегущий в лабиринте»

3 қыркүйек сағат 20:30 – да — «Мадагаскар 3», 23: 00-де — «Пираты Карибского моря: на краю света»

 

Орналасқан жері: Hide Park, Әл-Фараби даңғылы, 176

 

🎨Жарқынбай Қожрахметовтың сурет көрмесі

Талдықорғандық суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі кескіндеме және графика техникасында жасалған көптеген мүсіндері мен туындыларын ұсынады.

Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі 92, 1 қабат, домофон 77

Күні: 2 қыркүйек. 12:00-19:30  

 

🎬»Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз.

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 2 қыркүйек. 20:00

 

🎭»Алға» көрмесі

Бұл көрме не туралы? Көрме шығармашылықтың батылдық пен екпінге, тыңдауға деген ұмтылысқа негізделгенін көрсетеді. Іштегі күрес ешқашан аяқталмайды. Оның бір ғана шешімі бар: яғни, шығармашылықпен үйлесімділікте болу.  

Жас шектеуі: 18+    

Орналасқан жері: Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101

Күні: 2 және 3 қыркүйек. 18:00-22:00  

 

АСТАНА:

 

✈️«Tennis Open Air» фестивалі

Барлық ниет білдірушілерге арнайы көше корттары ашылады. Онда қонақтарды кәсіби жаттықтырушылар күтеді. Сондай-ақ қызықты эстафеталар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылады. Қатысамын десеңіз, өзіңізбен бірге спорттық аяқ киім ала келіңіз.

Орны: Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы, 4/2

Күні: 2 қыркүйек. 17:00 — 20:00

 

🌱»Дала қазынасы» көрмесі

Көрмеде көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттарды бірнеше жылдан бері жинап келген суретші әрі коллекционер Сержан Башировтың еңбектері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 2 және 3 қыркүйек. 10:00 — 20:00

 

ШЫМКЕНТ:

 

🌿«Ашық аспан” көше өнері фестивалі

Арбатта ашық аспан астында ұсынылған суретшілердің туындыларын тамашалауға болады. Шығармалар көшпелілердің бай мәдениетінен алынған.

Орны: Арбат, Бейбітшілік көшесі

Күні: 2 және 3 қыркүйек. 08:00 — 18:00

 

💫Диас Давесовтың “Қағаз рапсодиясы” атты жеке коллаждар көрмесі

Бұл автордың Шымкентте өтіп жатқан — тұңғыш үлкен көрмесі. Онда 70-тен астам коллаж болады.

Орны: Музыкалық аллея, Қазыбек би көшесі, 13А

Күні: 2 және 3 қыркүйек. 10:00 — 18:00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз. Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз.Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!