Демалыс күндері қайда баруға болады?(20,21 сәуір)

Автор: редактор 20 Сәуір, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

👨‍👩‍👧‍👦Қазақ фотосуретшілерінің “Өмірлік бақылаулар” көрмесі

Олардың көзқарасы бойынша әрбір кадр жеке өнер туындысына айналып, көрерменді өздері түсірген эмоциялар мен тәжірибелер әлеміне енуге шақырады. Көрмеге барған кезде авторлар таңдаған композицияға, таңдалған ракурс мен жарыққа назар аударуға тырысыңыз. 

Орналасқан жері: Efes Art Space, ш / а. Керемет 3/1

Күні: 20 және 21 сәуір, 10: 00-18:00

 

⭐️«ХХ ғасырдағы Қазақстанның өнер жұлдыздары» көрмесі

Мұнда қазақ өнерінің тарихымен танысып, оның бай мұрасы туралы ақпаратқа куә боласыз. Сонымен бірге танымал қазақ суретшілерінің шығармашылығымен таныса аласыз.

Орналасқан жері: Ular gallery, Панфилов көшесі, 92 (интерком 77)

Күні: 20 сәуір, 12:00-18: 00

 

🌹«Дем алу-дем шығару немесе қызыл аттың оқиғасы” көрмесі

Мұнда сізді ерекше екі суретшінің көрмесі күтуде.

Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилова, 101 көшесі

Күні: 20 және 21 сәуір, 14:00-22:00

 

🌼Молдақұл Нарымбетовтың Takyr Krakelur жеке көрмесі

Көрме соңы бақытсыз аяқталатын саяхат жайлы, уақыт өте келе суреттердің түрлі-түсті қабатында пайда болатын жарықтар туралы және олардың кептірілген саз топыраққа біртүрлі көрнекі ұқсастығы туралы баяндайды.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 20 және 21 сәуір, 12:00-20:00

 

🌈Артем Утровтың (Out of) Control жеке көрмесі 

Көрменің негізін перформативті  тәжірибеден шыққан бейнежазбалар мен фотосуреттер құрайды. Суретші уақыт, дене, күй және олардың өзара байланысы туралы түсінікті зерттейді.

Жас санаты: 18+

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 20 және 21 сәуір, 11:00-20:00

 

🏵B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен таныса отырып, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін білетін боласыз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 20 және 21 сәуір, 11:00-19:00

 

 

АСТАНА:

 

🎨Австриялық суретші Вилли Кемпельдің «Шексіздік» көрмесі

Кіру тегін. Бірақ осында көрсетілген телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелесіз: +7 778 708 9116.

Орны: Has Sanat галереясы, Қонаев көшесі, 14 д

Күні: 20 сәуір, 10:00 – 19:00

 

💃Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 20 және 21 сәуір, 10:00 – 20:00

 

ШЫМКЕНТ:

 

✍️«Әмір Темір және Алтыншоқы төбесінің сыры” дәрісі

Әмір Темірдің дәстүрлі ислам құндылықтарын көшпенділердің көне рухани мұрасымен ұштастыруының сырын қазақстандық археолог Эмма Усманова айтып береді. Оның мұрасы қасиетті мағына мен тұрмыстық мақсатты қалай біріктіреді және мұның ежелгі көшпенділердің дүниежүзілік тау идеясына қандай қатысы бар екені баяндалады.

Орналасқан жері: Rixos Khadisha қонақ үйі, көш. Желтоқсан, 17

Күні: 20 сәуір, 15:00 

 

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!