Демалыс күндері қайда баруға болады?(23,24 желтоқсан)

Автор: редактор 23 Желтоқсан, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана  қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

✍️«Өнерден ләззат ал!” халықаралық көрмесі 

Көрмеге Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Корея, Германия және Қазақстанның әр өңірінен келген 36 суретшінің жұмысы қойылады. Мұнда 70-ке жуық туындыны тамашалауға болады. Олар кескіндемеден бастап керамика мен сәндік-қолданбалы өнерге негізделген. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 23-24 желтоқсан, 11:00-19:00

 

💃«Биге жан-тәнімен берілу» көрме-қойылымы

Бұл жобада би мен деректі фильм ерекше үйлесімділік табады. Нақтырақ айтсақ, көрермендер қозғалыс еркіндігіне көз жүгіртіп, орындаушылар арасындағы дәйектілік пен байланысты өз бетінше қалыптастырады. Тікелей орындау сәтінде ұсынылған жанды қойылым ерекше тәжірибе көрінісін бақылауға мүмкіндік береді. 

Орны: Tselinny Temporary, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 23 желтоқсан, 17: 00

 

👨‍👩‍👧‍👦«Биіктен көз жүгірту» көрмесі

Полина Әубәкірова мен Галина Коломенскаяның арт-жобасында адамның эмоциялары мен мүмкіндіктері, қала берді ішкі сезімдері мен тәжірибелерінің ең биік нүктесі арқылы әлемге деген көзқарасы зерттелген. Егер ерекше күйге бөленіп, түрлі эмоцяны бастан өткергіңіз келсе, көрмеде міндетті түрде бой көрсетіңіз. 

Орналасқан жері: Efes Art Space, ш / а.Керемет 3/1

Күні:23 және 24 желтоқсан, 10: 00-20: 00

 

🎄New Year art fair жәрмеңкесі

Заманауи өнер жәрмеңкесінде шығармашылық өнердің түр-түрін тамашалай аласыз. Сонымен қатар танымал әрі жаңадан қалам тербеген суретшілердің туындыларын тиімді бағада сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Іс-шара барысында дәрістер, қойылымдар, концерттер, сурет салу сабақтары және кино көрсетілімдер өтеді. 

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні:23 және 24 желтоқсан, 10: 00-18: 00

 

🌚«Суретші және қазіргі заман» көрмесі

Филипп Вайншенкердің туындылары жай ғана сурет емес, біртұтас тарих. Оның қолжазбасы суретшінің батылдығы мен шығармашылық еркіндігінің көрінісін бейнелейді. Ендеше суретшінің өнер сұлулығын стандартартты емес көзқараспен жеткізген туындыларын сіз де тамашалап қайтыңыз.

Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі, 92

Күні: 23 желтоқсан, 12:00-19: 00

 

🌈«Рахта» көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні:23 және 24 желтоқсан, 11: 00-19: 00

 

АСТАНА:

 

💥 Аржан Ютеевтің «Қасқыр жолы» көрмесі

Суретшінің шығармалары басты құндылықтарға негізделген. Жан. Тарих тамыры. Ұрпақтар арасындағы байланыс. Сезім сұлулығы. Ежелгі аңыздар туралы баяндалады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні:23 және 24 желтоқсан, 10:00 – 20: 00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз!