Демалыс күндері қайда баруға болады?(26,27 тамыз)

Автор: редактор 26 Тамыз, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

😻Prima Nota Fest жас музыканттар фестивалі 

Мұнда гала-концерт және 4-ші Республикалық академиялық байқаудың жеңімпаздары белгілі болады. Сондай-ақ әлемдік классикалық музыка жұлдыздары мен өткен жылдардың жүлдегерлері маэстро Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Орны: опера және балет театры.Абай, Қабанбай батыр көшесі, 110

Күні: 27 тамыз. 19:00

 

🎬Ашық Кинотеатр

Фильмді ыңғайлы қалыпта тамашалау үшін көрпеше алып шығыңыз. Ал балалар тек ересектердің бақылауымен қатыса алады. Өзіңізбен бірге тамақ-сусыныңызды әкелуге рұқсат етілмеген.

26 тамыз сағат 20:30 – да – «Ледниковый период 2», 23:00-де – «Бегущий в лабиринте»

20 тамыз сағат 20:30 – да – «Мадагаскар 3», 23: 00-де – «Пираты Карибского моря: на краю света»

Орналасқан жері: Hide Park, Әл-Фараби даңғылы, 176

 

💡»Алматы шыңы» көрмесі

Көрмеге 1946 жылдан бері қазақ альпинистерінің бірегей мұрағаттық фотосуреттері қойылады. Мұнда альпинизмнің тірі аңыздарымен танысып, олардың әңгімесін тыңдай аласыз. Сондай-ақ театр қойылымдары, инсталляция, картиналар және тағы басқаларын тамашалауға мүмкіндік бар. 

Орны: Барибаев 36-дағы үй, Барибаев көшесі, 36

Күні: 26 тамыз. 11:00-20:00  

 

🎬»Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз.

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 26 тамыз. 20:00

 

🤩Almaty Pop Up Store

Орталық Азиядағы жергілікті өндірушілердің ең үлкен нарығын құрған Made in KZ дизайнерлер жәрмеңкесі.

Орны: Arasan Wellness & SPA, Төлебаев көшесі, 78 үй

Күні: 26 және 27 тамыз. 12:00-21:00  

 

🤯Ашық аспан астындағы кеш

Мұнда дәстүрлерге негізделген кештер, Алматының үздік бишілерінен шеберлік сабақтары, көптеген би мен жоғары сапалы музыканы тамашалай аласыз. 

Кештің арнайы қонақтары: Franky Rey Show

Орны: Ramstore ALL in, Назарбаев даңғылы, 226

Күні: 27 тамыз. 19:00

 

🌱»Салауатты демалыс» жобасы

Балаларды көңілді ойындар, танымдық сайыстар, қызықты дәрістер мен шығармашылық шеберлік сабақтары күтеді. Ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар бар. Атап айтатын болсақ, бояу кітаптары және дәмді тағамдар. 

Орны: ЦПКиО жазғы сахнасы, Гоголь көшесі, 1

Күні: 26 және 27 тамыз. 12:00 – 14:00

 

 

АСТАНА:

 

🙊»Дала қазынасы» көрмесі

Көрмеде көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттарды бірнеше жылдан бері жинаған суретші әрі коллекционер Сержан Башировтың еңбектері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 26 және 27 тамыз. 10:00 – 20:00

 

 

ШЫМКЕНТ:

 

🎨Диас Давесовтың “Қағаз рапсодиясы” атты жеке коллаждар көрмесі

Бұл автордың Шымкентте өтіп жатқан – тұңғыш үлкен көрмесі. Онда 70-тен астам коллаж болады. Көрмеде Диастың бейнелеу өнерінің осы түрі бойынша үш жыл жасаған коллаждарының үлкен бөлігін тамашалай аласыз. 

Орны: музыкалық аллея, Қазыбек би көшесі, 13А

Күні: 26 және 27 тамыз. 10:00 – 18:00

 

💃Zumba жаттығуы

Биге арналған фитнес бағдарламасы келушілерге жағымды эмоция сыйламақ. Мұнда жаттықтырушы музыкаға сәйкес қарапайым қимылдар мен қозғалыстарды көрсетеді. Ал топ көргенін қайталайды. Ұзақтығы – 90 минут. Бұл аралықта үздіксіз қарым-қатынас және жағымды эмоциялармен алмасу жүреді.

Орны: Металлургтер паркі, Қалдаяқов көшесі, 10/2

Уақыты: 27 тамыз. 11:00.

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз. Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!