Демалыс күндері қайда баруға болады?(30 қыркүйек,1 қазан)

Автор: редактор 30 сентября, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

🤧«Жойылып бара жатқан портреттер: алманың тарихи сорттары» көрмесі

Көрмеге келушілер атақты суретшілердің картиналары арқылы әлемнің көптеген өркениеттерінде өмірдің, махаббаттың, таным мен өркендеудің символы болып саналатын, ал қазақстандықтар үшін сүйікті қала – Алматы қаласының ерекшелігіне айналған ең көне мәдени жемістердің бірімен жақынырақ таныса алады.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 30 қыркүйек және 1 қазан, 11:00-19: 00

 

👠«Заманауи қазақ мәдениетіндегі әйел тұлғалары» дәрісі

Аида Әділбек пен Нығмет Ибаділдин сарапшылармен бірлесіп, Қазақстандағы заманауи қаһарман қыздың бейнесін мифология мен филология тұрғысынан іздеу мәселесін талқылайды.

Орны: Tselinny Temporary, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 30 Қыркүйек, 15: 30

 

🤷‍♀️Анна Киннің «ღ» көрмесі

«ღ» — грузиндердің ган әріпі. Оның пішіні жүрек белгісіне ұқсас. Анна Кин — Алматыдан шыққан суретші. Өнер иесі отаршылдыққа қарсы көркемдік тәжірибелер, әлеуметтік тартылған өнер және емдік тәжірибелер саласында жұмыс істейді.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 30 қыркүйек және 1 қазан, 12: 00-20: 00

 

🎬«Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз. 

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 30 Қыркүйек. 20:00

 

🎭«Ертегі шындығы» көрмесі

Қазақстан мен Ресейден келген Дина Гаитова мен Оля Лукоевна есімді суретшілер өз жұмыстарын көпшілікке ұсынады.

Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі 92

Күні: 30 Қыркүйек, 12:00-19: 00

 

🎨Диана Акуалдың жеке көрмесі

Қазақстандық жас суретшінің экспозициясының негізін оның «Әйел сегізі» линогравюра техникасындағы дипломдық жобасы құрайды. Мұнда қонақтар өз киімдерін, сөмкелерін әкеліп, авторлық баспадан қолтаңба ала алады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет шағынауданы, 3 к1

Күні: 30 Қыркүйек, 09:00-17: 00

 

🏵Driven by dreams көрмесі

Қазақ суретшілерінің туындылары адамның үлкен нәрсеге құштарлығы мен өз ойын жеткізудің жаңа тәсілдері туралы баяндайды.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 30 қыркүйек және 1 қазан, 11: 00-20: 00

 

💫Artbat Fest фестивалі

Заманауи қазақстандық суретшілер арнайы Алматы мен алматылықтар үшін қаланы мультифункционалды smart нысандар арқылы безендіреді. 

Орны: Арбат, Жібек Жолы даңғылы

Күні: 30 қыркүйек және 1 қазан. 11:00-19:00

 

 

АСТАНА:

 

☀️«QAZAQ content» көрмесі

Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Алмас Нұрғожаев және Шалқар Қабдештің ең үздік жұмыстары көпшілікке ұсынылады. Бұл үш түрлі суретшіні батылдық, картиналардың философиясы мен рухани мазмұны біріктіреді.  

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 30 қыркүйек және 1 қазан. 10:00 — 20:00

 

🌸«Нәзік тепе-теңдік» көрмесі

Көрме әйгілі жапон суретшілерінің заманауи кескіндемелеріне негізделген. Сонымен қатар «The Tolman Collection of Tokyo» жеке коллекциясы туындылары ұсынылады.

Орны: «Has Sanat» өнер галереясы, Қонаев көшесі, 14Д

Күні: 30 қыркүйек және 1 қазан. 11:00 — 18:00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз.Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз.Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!