Демалыс күндері қайда баруға болады?(4,5 қараша)

Автор: редактор 04 Қараша, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

💪Нұрия Абдолованың «Көшпенділер» көрмесі

Талантты суретшінің туындылары қазақтың тарихын, салтын, дәстүрін зерттейді. Сондықтан да көрме ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты оятуға, генетикалық жады мен төл мәдениетіміздің құрылымына, тарихи көзқарасты кеңейтуге, жастардағы олқылықтардың орнын толтыруға, бізге мұра болып қалған «ақ дақтарды» энергиямен толтыруға арналған.  

Орны: Ұлттық кітапхана, Абай даңғылы, 14 

Күні:4 және 5 қараша, 09:00 – 20: 00

 

🕺Dizzy Battle: Halloween

Би алаңында біліктілігіңізді сынауға дайынсыз ба? Dizzy компаниясы Halloween мерекесіне орай би баттлын ұйымдастырады. Тіркелу 12: 00 – ден 13:00-ге дейін, сондай-ақ 12:30-дан 14: 30-ға дейін тегін аквагрим жасата аласыз.

Орны: ADK СОО, Сатпаев көшесі 90/5

Күні: 4 қараша, 12:00 – 17:00

 

🌚 “Ежелгі. Қара. Туған» көрмесі

Көрменің негізгі тақырыбы Қарағанды көміріне, онда жұмыс істейтін адамдарға және өлкенің экологиялық тепе-теңдігін сақтауға арналған. 

Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет шағынауданы, 3к1

Күні:4 және 5 қараша, 10:00 – 20: 00

 

📺Una corda поп-ап жобасы

Бүгінде цифрлық технологиялар мен компьютерлік ойын алаңдарының жанданып тұрған уақытында күнделікті өмірде асығыс танытатын жағдайлардан шаршап, жан тыныштығын қалайсың. Ал бұл жобаның мақсаты – адамдарға музыканы тыңдату арқылы жаңа эмоцияны сезінуге мүмкіндік беру. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 4 және 5 қараша, 11:00-19: 00

 

💫Körsetpe көрмесі

Көрме Шығыс Түркістан облысындағы цензура мен қысымға қатысты сұрақтарды көтеруді, сондай-ақ қазақ және ұйғыр суретшілерінің жас өнерін қолдауды көздейді. Қатысушы суретшілердің тамыры Шығыс Түркістанмен байланысы бар. Олардың жұмысы жеке және мәдени тарихты көрсетеді. Сонымен қатар олар аймақпен, оның мәдениетімен, халқымен және мұрасымен байланысты идеяларды зерттейді.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 4 және 5 қараша, 12:00-20: 00

 

⭐️«Рахта» көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Асп галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні: 4 және 5 қараша, 11:00-19: 00

 

🎨«Қарама-қайшылықтағы бірлік» көрмесі

Суретші Лилия Позднякова мен Марина Годунова көпшілікке ең үздік жұмыстарын ұсынады. Бір ерекшелігі көрермендер әр картинаның астына алған әсерлерін жаза алады.

Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі 92

Күні: 4 қараша, 11: 00-20: 00

 

 

АСТАНА:

 

✍️«QAZAQ Content» көрмесі

Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Алмас Нұрғожаев және Шалқар Қабдештің ең үздік жұмыстары көпшілікке ұсынылады. Бұл үш түрлі суретшіні батылдық, картиналардың философиясы мен рухани мазмұны біріктіреді.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 4 және 5 қараша. 10:00 – 20:00

 

ШЫМКЕНТ:

 

⚽️«Ордабасы аңыздарының» шоу-матчы – Қазақстан құрамасының аңыздары

Тарихи матчта стадион алдында жанкүйерлерге арналған арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылып, көрермендер арасында автокөлік ойнатылады.

Орналасқан жері: Орталық стадион. Қажымұқан, Мәделі қожа көшесі, 

Уақыты: 4 қараша. 19:00.

Кіру: зейнеткерлерге тегін (растайтын құжатты көрсеткен кезде), балаларға (7-14 жас) 400 теңге, ересектерге 600 теңге

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз.