Демалыс күндері қайда баруға болады?(6, 7 сәуір)

Автор: редактор 06 апреля, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

⭐️«ХХ ғасырдағы Қазақстанның өнер жұлдыздары» көрмесі

Мұнда қазақ өнерінің тарихымен танысып, оның бай мұрасы туралы ақпаратқа куә боласыз. Сонымен бірге танымал қазақ суретшілерінің шығармашылығымен таныса аласыз.

Орналасқан жері: Ular gallery, Панфилов көшесі, 92 (интерком 77)

Күні: 6 сәуір, 12:00-18:00

 

💕Молдақұл Нарымбетовтың Takyr Krakelur жеке көрмесі

Көрме соңы бақытсыз аяқталатын саяхат жайлы, уақыт өте келе суреттердің түрлі-түсті қабатында пайда болатын жарықтар туралы және олардың кептірілген саз топыраққа біртүрлі көрнекі ұқсастығы туралы баяндайды.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 6 және 7 сәуір, 12:00-20: 00

 

💱Артем Утровтың (Out of) Control жеке көрмесі 

Көрменің негізін перформативті  тәжірибеден шыққан бейнежазбалар мен фотосуреттер құрайды. Суретші уақыт, дене, күй және олардың өзара байланысы туралы түсінікті зерттейді.

Жас санаты: 18+

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 7 сәуір, 11:00-20:00

 

🌝B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен таныса отырып, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін білетін боласыз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 6 және 7 сәуір, 11:00-19: 00

 

 

АСТАНА:

 

🦾Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 6 және 7 сәуір, 10:00 — 20:00

 

✍️Австриялық суретші Вилли Кемпельдің «Шексіздік» көрмесі

Кіру тегін. Бірақ осында көрсетілген телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелесіз: +7 778 708 9116.

Орны: Has Sanat галереясы, Қонаев көшесі, 14 д

Күні: 6 сәуір, 10:00 — 19:00

 

🔥Юрий Гагариннің 90 жылдығына арналған “Кеттік!” көрмесі (Әңгіме — Байқоңыр туралы)

Көрмеге танымал қазақстандық және ресейлік суретшілердің туындылары, ғарышта түсірілген сирек фотосуреттер мен бейнематериалдар қойылады.

Орны: Орыс үйі, Достық, 18 көшесі 

Күні: 6 және 7 сәуір, 12:00-20: 00

 

 

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!