Демалыс күндері қайда баруға болады?(9,10 желтоқсан)

Автор: редактор 09 Желтоқсан, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана  қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

🧐«Барлығымен оңаша» көрмесі

Алматы қаласы мәдениет басқармасының “Алматы әуендері” КМҚК жанындағы Almaty Gallery бейнелеу өнері саласындағы “кадрлардың ұстасы” болып табылатын Қазақстандағы ең көне және ірі көркемсурет оқу орындары – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркемдік білім беру институты түлектерінің көрмесін ұсынады.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 9 және 10 желтоқсан, 10:00-20: 00

 

✍️«Суретші және қазіргі заман» көрмесі

Филипп Вайншенкердің туындылары жай ғана сурет емес, біртұтас тарих. Оның қолжазбасы суретшінің батылдығы мен шығармашылық еркіндігінің көрінісін бейнелейді. Ендеше суретшінің өнер сұлулығын стандартартты емес көзқараспен жеткізген туындыларын сіз де тамашалап қайтыңыз.

Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі, 92

Күні: 9 желтоқсан, 12:00-19: 00

 

🎄New Year art fair жәрмеңкесі

Заманауи өнер жәрмеңкесінде шығармашылықтың түр-түрін тамашалай аласыз. Сонымен қатар танымал әрі жаңадан қалам тербеген суретшілердің туындыларын тиімді бағада сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Іс-шара барысында дәрістер, қойылымдар, концерттер, сурет салу сабақтары және кино көрсетілімдер өтеді.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 9 және 10 желтоқсан, 10:00-18: 00

 

💫Ala Art Fair заманауи өнер жәрмеңкесі 

Жәрмеңкеде Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның жетекші 10 галереясы және 30-дан астам дарынды суретші ең үздік жұмыстарын ұсынады. Сонымен қатар мамандар мен өнер сүйер қауым үшін пікірталас, дәрістер, шеберлік сабақтары өтеді. Шара Орталық Азияның өткенін түсінуге және оның бүгінін қазіргі әлеммен бөлісуге арналған. 

Орны: Jusan Vibe, Әл-Фараби даңғылы, 36

Күні: 9 және 10 желтоқсан, 10:00-21: 00

 

⭐️«Қолөнер» көрмесі

Көрмеге қазақтың екі өнерпазының туындылары қойылады. Петропавлдық суретші Әлия Молдахметова өз туындысында қазақтың дәстүрлі зергерлік шеберлігін зерттейді. Ол зергерлік бұйымдарды ұлттық мәдениет пен тарихтың символы ретінде пайдаланады. Ал Шымкенттік шебер Атабек Бекболатов ағаштан ою ойып, зергерлік бұйымдардың ерекшелігіне маманданған.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет шағынауданы, 3к1

Күні: 9 және 10 желтоқсан, 10:00-20: 00

 

🌈«Рахта» көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні: 9 және 10 желтоқсан, 11:00-19: 00

 

 

АСТАНА:

 

👤Аржан Ютеевтің «Қасқыр жолы» көрмесі

Суретшінің шығармалары басты құндылықтарға негізделген. Жан. Тарих тамыры. Ұрпақтар арасындағы байланыс. Сезім сұлулығы. Ежелгі аңыздар туралы баяндалады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 9 және 10 желтоқсан, 10:00 – 20: 00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз!