Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
🌳«Өмір ағашы» көрмесі
Бұл көрмеде алты танымал суретшінің туындылары ұсынылады. Олар Қазақстан тарихындағы әйелдердің орны мен маңызды рөлін бейнелейді.
Өтетін орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137.
Күні: 11 және 12 қаңтар, 10:00 – 19:00
🧠“1+1+1” дәрісі
Мұнда танымал суретші Асхат Ахмедьяров қазіргі әлем мәдениетін зерттеу тақырыбында дәріс оқиды. Сонымен қатар фотограф, суретші және режиссердің шығармашылығы арқылы мәдениеттің қыр-сырына тоқталады.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 11 қаңтар, 15:00
🙏Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі
Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі өз туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінгі күнге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.
Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 11 және 12 қаңтар, 12:00 – 18:00
✍️Қағаз көрмесі
Көрмеде қағаздан жасалған өнер туындылары ұсынылады. Экспозицияда 1980 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі танымал қазақстандық суретшілердің жасаған бірегей жұмыстары қойылған.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні:11 және 12 қаңтар, 11:00 – 19: 00
👋«Қысқы вернисаж» көрмесі
Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері Нұршидин Баратов пен Алексей Уткин көрермендерге туған жер мен қалаға деген терең сүйіспеншілікке толы шығармаларын ұсынады. Суретшілерді табиғи жарықта, табиғи ортада жұмыс істеу әдісі біріктіреді. Бұл тәсіл олардың туындыларына табиғаттың бай бояулары мен әсемдігін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Сол себепті олардың картиналары көрерменге шынайылығымен жақын, табиғаттың тынысы мен ақиқатын айқын сезінуге шақырады.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 11 және 12 қаңтар, 11:00 – 19:00
🫠«Бұл шырша емес» көрмесі
Көрме заттарды қабылдаудың үйреншікті тәсілдерін қайта қарауға шақырады. Шара барысында қарапайым нәрселердің мәдени және жеке мәнге ие бола отырып, символдарға қалай айналатыны зерттеледі.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 11 және 12 қаңтар, 10:00 – 20:00
💡“Күн астындағы хаттамалар” көрмесі
Суретші Анна Паркина кеңестік кітаптар, афишалар мен ксерокөшірмелер элементтерінен көпқабатты коллаждар жасайды. Оның жұмыстары соғыстар, эпидемиялар мен апаттар аясында империялардың қирандылары арасында “тірі қалғандардың” өмір сүріп жатқан әлемін бейнелейді.
Орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 11 және 12 қаңтар, 10:00 – 19:00
АСТАНА:
🗣«ADAMGERSILIK» көрмесі
Бұл көрме — Қазақстанның үздік суретшілерінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі. Олар күнделікті өмірде жиі шетте қалатын аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелеріне назар аударады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 11 және 12 қаңтар, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!