Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.
АЛМАТЫ:
💡Сальвадор Далидің литография көрмесі
Көрермен назарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген коллекционерлердің арманына айналған «Кармен» және «Алисаның ғажайыптар елінде бастан кешкен шытырман оқиғалары” сериясының түпнұсқа жұмыстары ұсынылады.
Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы 77/8
Күні: 20 және 21 шілде, 10:00 – 20:00
😇Jump fest 2024 баскетбол турнирі
Баскетбол ойындарынан басқа (бас жүлде – Абу-Дабиге саяхат) мұнда би батлы, ең үздік әуендер, граффити спектаклі және көрермендер үшін интерактивті іс-шаралар өтеді. Спорт фестивалінде төбе көрсетіп, баскетбол ойынының қызығын сезініңіз және спорт фестивалінің ұмытылмас атмосферасына еніңіз.
Орны: Forum СОО жанындағы баскетбол алаңы, Сейфуллин даңғылы, 617
Күні: 21 шілде, 16:00
😇«Сеулдің сүйкімділігі” көрмесі
Көрме өнер мен өмір салтында үйлесім тапқан Оңтүстік Корея астанасы Сеулдің тарихы мен мәдениетін, дәстүрлі мұрасын көрсетеді. Сонымен қатар мұнда 100-ден астам бірегей экспонаттар, оның ішінде дәстүрлі киімдер мен тұрмыстық заттар, Сеул қалалық тарих мұражайының қорындағы кітаптар мен тарихи құжаттар қойылады.
Орны: Almaty museum, Қабанбай батыр көшесі, 132
Күні: 20 және 21 шілде, 10:00 – 19:00
🫷“Мен үйдемін: ойынды шындықтан не ажыратады?” ашық дәрісі
GameLab KBTU бейне ойындарын әзірлеу және ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі Александра Кнышева ойындар мен шындық арасындағы шекараның қай жерде екенін әрі біреуі екіншісіне қалай әсер ететінін баяндап береді.
Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі. 79
Күні: 20 шілде, 16:00
👍Интизор Отаниёзованың жеке көрмесі
Суретшінің картиналары ойын кеңістігі арқылы күрделі жүйелердің өзін қалай жаңғыртатыны туралы, адам өміріне әсер ететін шешімдердің кездейсоқтығы мен жүйелілігі, пішін мен мазмұн дағдарысы, сондай-ақ балалар мен ересектер ойындарының социологиясы туралы ойды жеткізеді.
Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 20 және 21 шілде,12:00-20:00
👥«Тауар вагонындағы адам» көрмесі
Жобада патшалық және кеңестік отаршылдық қатынастар тақырыбы қозғалады. Ресей мен Орталық Азия, патшалық/кеңестік тоталитарлық режимнің негізгі мінез-құлық үлгісіне айналған біздің аймақтағы репрессиялық тәжірибелер туралы баяндалады. Бұл атау халықтардың Қазақстанға жаппай жер аударуын білдіреді (1930-1950). Нақтырақ айтсақ, жер аударылғандарды жүк вагондарына отырғызып, межелі жерге жөнелткен.
Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101
Күні: 20 және 21 шілде, 14:00-22:00
😃«Үлкен нәрселер кішкентай дүниеде» көрмесі
Көрме екі ай бойы өткен арт-резиденцияның нәтижелерін ұсынады, онда ортақ жобада жұмыс істеу үшін бес қатысушы таңдалды: Ассоль Сас, Шефа Надуралиева, Луиза Джапкаева, Ярослава Тищенко, Татьяна Тұранова және Дарья Мороз.
Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51
Күні: 20 және 21 шілде, 14:00-21:00
АСТАНА:
💃Creative summer жазғы жобасы
Мұнда балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын, шығармашылық ұжымдардың қойылымдарын және флешмобтарды тамашалай аласыз.
Орны: Қала алаңы, Орталық жағалау (Есіл өзені), орталық саябақ (амфитеатрға қарама-қарсы), «Жерұйық» паркі, «Жетісу» паркі
Күні: 20 және 21 шілде, 14:00
💅Лейла Махаттың «MENMIN» атты жеке көрмесі
Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 20 және 21 шілде, 10:00 — 20:00
Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!