Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.
АЛМАТЫ:
💫«Сеулдің сүйкімділігі” көрмесі
Көрме өнер мен өмір салтында үйлесім тапқан Оңтүстік Корея астанасы Сеулдің тарихы мен мәдениетін, дәстүрлі мұрасын көрсетеді. Сонымен қатар мұнда 100-ден астам бірегей экспонаттар, оның ішінде дәстүрлі киімдер мен тұрмыстық заттар, Сеул қалалық тарих мұражайының қорындағы кітаптар мен тарихи құжаттар қойылады.
Орны: Almaty museum, Қабанбай батыр көшесі, 132
Күні: 29 және 30 маусым, 10:00 – 19:00
🎭«Иллюстрация өнері – оқығанды түсіну кілті” көрмесі
«Ұлар» галереясы ҚР Суретшілер одағымен бірлескен қайырымдылық жобасы – Алматы суретшісі Сұлтанбаева Сабинаның көрмесіне шақырады.
Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі 92
Күні: 29 маусым, 12:00-19:00
🏠«Dom fest» фестивалі
Мұнда сізді дизайнерлер, суретшілер, музыканттар, актерлер, режиссерлер, шығармашылық қолөнершілер, эко-белсенділер және гастро-сиқыршылар қауымдастығы күтеді. Бағдарлама кестесінде асықтар мен және классика чемпионаты, шеберлік сабақтары, жанды музыка, шығармашылық жәрмеңке, музыкалық барахолка, театр және спектакль ұсынылады.
Орны: Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 30 маусым, 10:00-18:00
🌸«Тыныш бөлме» көрмесі
Бұл көрмеде әр адам тұрмыстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің және зардап шеккендерді қолдаудың маңызы туралы ойлана алады. Мұнда ұсынылған әр жұмыста журналистердің нақты материалдарына сілтемелер көрсетілген. Астарлы әрі жасырын дүниені көріп-есту үшін көрмеге қосылыңыз.
Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет ш/а, д. 3/1
Күні: 29 және 30 маусым, 10:00-19:00
🌚«Үлкен нәрселер кішкентай дүниеде» көрмесі
Көрме екі ай бойы өткен арт-резиденцияның нәтижелерін ұсынады, онда ортақ жобада жұмыс істеу үшін бес қатысушы таңдалды: Ассоль Сас, Шефа Надуралиева, Луиза Джапкаева, Ярослава Тищенко, Татьяна Тұранова және Дарья Мороз.
Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51
Күні: 29 және 30 маусым, 14:00-21:00
🎨Еламан Мұқтарханның It’s a full time job being non-binary жеке көрмесі
Суретші өз жұмыстарында сексуалдық, гендерлік және саясатқа қатысты мәселелерді қарастыра отырып, болмысын өнер арқылы зерттейді.
Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 29 және 30 маусым, 12:00-20:00
АСТАНА:
👀Светлана Руденконың “Менің басымдағы қоқыс” жеке көрмесі
Көрменің мақсаты — шығармашылықтың алуан түрлілігі мен жан-жақтылығын көрсету. Көрме негізгі үш блокты қамтиды: кескіндеме, иллюстрация және жиһаз. Шығармалар шашыраңқы көрінеді әрі хаос сезімі де сезіледі. Бірақ мұқият мән беріп қарасаңыз, олардың бір-бірімен үйлесетінін байқайсыз.
Орны: Sal Seri галереясы, Гейдар Әлиев көшесі, 10/1
Күні: 29 Маусым, 10:00 – 20:00
🧠Шахмат әуесқойлары клубы
Мұнда олар көңіл көтеру үшін ойнайды, ал ойын деңгейі маңызды емес, қатаң ережелер жоқ. Бұл кездесулер көбірек зияткерлік демалысқа ұқсайды. Бастысы өзіңізбен бірге шахматыңызды алып келуіңіз керек.
Орны: «Buno» кофеханасы, Керей-Жәнібек хандар даңғылы, 14/2
Күні: 29 маусым, 16:00
🌱Лейла Махаттың «MENMIN» атты жеке көрмесі
Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 29 және 30 маусым, 10:00 — 20:00
Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!