Демалыс күндері қайда тегін баруға болады?(6,7 шілде)

Автор: редактор 06 июля, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

Rock Tobe Fest музыкалық фестивалі

Қонақтар Алматының тұңғыш рок-клубының ауқымды музыкалық шарасын тамашалай алады. Көлемді рок, диск және ұмытылмас эмоциялар әлеміне енгіңіз келсе, бізге қосылыңыз. Бұл жарқын әрі ұмытылмас әсер сыйлайды.

Орны: «Көк Төбе» мәдениет және демалыс саябағы, Достық даңғылы 104 б
Күні: 6 шілде, 15:00

Сальвадор Далидің литография көрмесі

Көрермен назарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген коллекционерлердің арманына айналған «Кармен» және «Алисаның ғажайыптар елінде бастан кешкен шытырман оқиғалары” сериясының түпнұсқа жұмыстары ұсынылады.

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы 77/8
Күні: 6, 7 және 8 шілде, 10:00 – 20:00

«Аңыз Домбыра» концерті

Сахна төрінде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова және тағы басқалары өнер көрсетеді. Мұнда Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов және Мейрамбек Жанболатов сынды ұлы композиторлардың танымал халық шығармалары орындалады.

Орны: Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы
Күні: 7 шілде, 20:00

«Сеулдің сүйкімділігі” көрмесі

Көрме өнер мен өмір салтында үйлесім тапқан Оңтүстік Корея астанасы Сеулдің тарихы мен мәдениетін, дәстүрлі мұрасын көрсетеді. Сонымен қатар мұнда 100-ден астам бірегей экспонаттар, оның ішінде дәстүрлі киімдер мен тұрмыстық заттар, Сеул қалалық тарих мұражайының қорындағы кітаптар мен тарихи құжаттар қойылады.

Орны: Almaty museum, Қабанбай батыр көшесі, 132
Күні: 6 және 7 шілде, 10:00 – 19:00

Dombyra Party

Мәдени мұрамыздың маңызы мен мәнін айшықтайтын күй шеруі — Құрманғазы оркестінің 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып жатыр. Еліміздегі үздік оркестрдің қатысуымен өтетін күй мерекесінде көрермендер арасында домбыра жасау шебері Жолаушы Тұрдығұловтың “домбырасы” ойнатылады. Кеш қонақтары: Бибігүл Қилымхан, Асхат Үрпеков, Жанқожа Аяпов.

Орны: «Көк Төбе» мәдениет және демалыс саябағы, Достық даңғылы 104 б
Күні: 7 шілде, 16:00

Интизор Отаниёзованың жеке көрмесі

Суретшінің картиналары ойын кеңістігі арқылы күрделі жүйелердің өзін қалай жаңғыртатыны туралы, адам өміріне әсер ететін шешімдердің кездейсоқтығы мен жүйелілігі, пішін мен мазмұн дағдарысы, сондай-ақ балалар мен ересектер ойындарының социологиясы туралы ойды жеткізеді.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 6 және 7 шілде,12:00-20:00

«Үлкен нәрселер кішкентай дүниеде» көрмесі

Көрме екі ай бойы өткен арт-резиденцияның нәтижелерін ұсынады, онда ортақ жобада жұмыс істеу үшін бес қатысушы таңдалды: Ассоль Сас, Шефа Надуралиева, Луиза Джапкаева, Ярослава Тищенко, Татьяна Тұранова және Дарья Мороз.

Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51
Күні: 6, 7 және 8 шілде, 14:00-21:00

АСТАНА:

Оpen-air фестивалі Shaiqa Astana

Іс-шарада отандық эстраданың ең жарқын жұлдыздары: Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T ‘ OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерт аяғында ұшқышсыз жарық шоуы жоспарланған.

Орналасқан жері: ЭКСПО алаңы
Күні: 6 шілде, 18:00

Шахмат әуесқойларының клубы

Мұнда олар көңіл көтеру үшін ойнайды, ал ойын деңгейі маңызды емес, қатаң ережелер жоқ. Бұл кездесу зияткерлік демалысқа ұқсайды. Бастысы өзіңізбен бірге шахматыңызды алып келуіңіз керек.

Орны: «Buno» кофеханасы, Керей-Жәнібек хандар даңғылы, 14/2
Күні: 6 шілде, 16:00

Қалалық конкур турнирі

Қазақтың ең мықты тұлпарлары мен шабандоздары әртүрлі биіктіктегі 7 бағыт бойынша өнерлерін көрсетеді.

Өтетін орны: “Арғымақ” спорт кешені, Қарқаралы тас жолы, 1
Күні: 7 маусым, 10:00

Лейла Махаттың «MENMIN» атты жеке көрмесі

Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 6, 7 және 8 шілде, 10:00 — 20:00

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!