Демалыс, Тарих, Егов. 18 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 апреля, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда мамыр мерекесіне байланысты демалыс күні ресми түрде 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды.

Бұйрықты Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын: демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын», — деп жазылған құжатта.

Яғни, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры. 4 мамыр – жұмыс күні.

Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сәйкесінше қатарынан 3 күн демалыс болады екен👍

2️⃣ Астанада Жошы хан туралы жазылған тұңғыш тарихи романның таныстырылымы өтеді.

Ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлының “Жошы хан” тарихи романының таныстырылымы өтеді.

Айта кетейік, бұл шығарма — қазақ және әлем әдебиетінде Жошы хан жайлы жазылған тұңғыш роман. Автор төрт жылға созылған зерттеу еңбектерінің негізінде Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жайлы терең және тың деректердің ізіне түскен. Сол арқылы Жошының қым-қиғаш күндерде ғұмыр есігін ашуы, өскен ортасы мен жастық шағы, жорықтары мен өмірінің соңына дейінгі оқиғалар барынша толық баяндаған.

Сонымен қатар, жазушы дәйекті зерттеулеріне сүйене отырып, дәуірлер көшін, қым-қуыт жорық іздерін қазақы көркем тілмен төгілте жазған. Автор бұрын беймәлім болған тарихи деректерді аршып, осыған дейінгі қалыптасқан таптаурын тұжырымдарды талқандап, тың көзқараспен ұсынады.

Кітап көрмесі 20 сәуір сағат 11.00-де Астанада өтеді екен😍 Сіз де тамашалап қайтыңыз!

3️⃣ Су тасқыны: азаматтар шығынды өтеу туралы өтінішті eGov mobile қосымшасында бере алады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қызмет еліміздің су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлеріндегі барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы өтінімді оңай әрі ыңғайлы бере алады.

Бұл қызметті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірледі.

Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, сәйкес опцияны таңдау жеткілікті.
Айта кету керек, егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ — ақпарат автоматты түрде есепке алынады.

Жақындарыңызды құлағдар етіп қойыңыз!📌