Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ 300 мың студенттің шәкіртақысы 50 пайызға өседі.
Биыл 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50 процентке өседі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, былтыр қыркүйек айында 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы артқан. Биыл жаңа оқу жылынан бастап оның көлемі тағы 50 процентке өседі. Ал шәкіртақының ұлғайтылған көлемін алатын студенттердің саны 300 мыңға жетеді.
«Сонда орта буын мамандықтарының студенттері 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», — дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Айта кетері, Қазақстандағы колледждерде барлығы 542 мың студент білім алып жүр. Олардың ішінде 344 мың адам тегін оқиды.
Керемет!😍
2️⃣ Елде міндетті телеарналар саны артады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде міндетті телеарналардың санын көбейту туралы бұйрықты жариялады.
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрықта міндетті теле-радио арналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) толықтырулар енгізілген.
Бұйрықтың негізінде міндетті телеарналар қатарына «ATAMEKEN BUSINESS» және «НТК» қосылған. Аталған құжат 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылады.
Бүгінде елімізде міндетті 15 телеарна бар:
«QAZAQSTAN»
«Хабар»
«Хабар 24»
«BALAPAN»
«ABAI TV»
«QAZSPORT»
«Kazakh TV»
«МИР»
«Астана»
«Almaty»
«Первый канал Евразия»
«КТК»
«31 канал»
«Седьмой канал»
«El arna».
Оның қатарына «ATAMEKEN BUSINESS» және «НТК» қосылған екен👍
3️⃣ Қазақстандықтар наурызда 14 күн демалады.
Келесі айда Қазақстанда екі мереке тойланады – ұзақ демалыс күндері келе жатыр.
Наурызда қазақстандықтар 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) және Наурыз (21-22 наурыз) мерекелерін тойлайды.
Біріншісінде демалыс күндері 8 наурыздан 10 наурызға дейін созылады. Екіншісінде бірден бес күн демалыс беріледі – 21-25 наурыз.
Осылайша наурыз айында 31 күннің 14 күні демалыс болады. Сондай-ақ 21 наурызда Наурыз мейрамымен қатар оқушылар демалысы басталады.
Демалысқа қандай жоспарыңыз бар?)