Дэниел Розенблюм, Бибісара Аусабаева, Криштиану Роналду.31 желтрқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 декабря, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық шахматшы Бибісара Аусабаева екінші мәрте блицтен әлем чемпионы атанды.

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан Әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде қазақстандық Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан 2 дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-іне қол жеткізді.
Айта кетейік, былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған. »

Бүгін 2-рет әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Былтыр өте сенімді ойын көрсетіп, топ жардым. Алайда биыл сондай жақсы қарқын көрсете алмадым. Қазір отбасыммен біраз уақыт бірге болып, демалғым келеді», — деп айтты Бибісара баспасөз жиынында.

Құтты болсын!😍😍😍

2️⃣ АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде құттықтау жолдады.

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады.

«Құрметті достар, Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын», — деп қазақ тілінде құттықтау сөзін жеткізді.

Сен видеоны тамашаладың ба? 🔥

3️⃣ Криштиану Роналду «Әл-Насрға» ауысты.

Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду саудиялық «Әл-Наср» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы команданың ресми Twitter парақшасы мәлімдеді.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, келісімшарт 2025 жылдың маусымына дейін жасалған. Ойыншы 7-ші нөмірмен ойнайды.
Бұған дейін испаниялық Marca басылымы Роналду «Әл-Насрмен» 2030 жылға дейін келісімшарт жасап, оның 2,5 жылын португалиялық ойыншы ретінде өткізетінін хабарлаған болатын. Ал карьерасының соңында 2030 жылы әлем чемпионатын өткізуге өтінімді ұсыну бойынша Сауд Арабиясының елшісі атанады деген болжам айтылды. Бұл Мысыр және Грекиямен бірлескен өтінім.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роналду «Әл-Насрда» жарнама келісімшарттарын қосқанда жылына 200 миллион еуродан астам табыс табады.

Бұл шешімге қалай қарайсың?🤔