Денис Тен, Бурабай, Мектеп оқушысы. 19-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Шілде, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ 19 шілдеде Алматыда Денис Теннің жобасы бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмінің тұсаукесері өтеді.

Фильмде ерекше екі жастың сезімі бейнеленген. Яғни, бойжеткен – мылқау, ал жігіт соқыр болады.

Фильм парақшасының мәліметіне сүйенсек, олардың арасындағы махаббат тарихы интернеи желісінде хат алмасудан басталады. Олар бір-біріне өз ерекшеліктерін айтуға қысылады. Көзі қырақты көрермен ерекше адамдар арасында туындаған таза, шексіз махабатқа куә болады.

2️⃣ Шымкентте 12 жастағы мектеп оқушысы егіз бауырын өрттен аман алып қалды.

Оtyrar.kz порталының мәліметіне зер салсақ, Шымкенттік үш баланың анасы Мария Саворовская қызының бір жасар екі егіз бауырын өрттен құтқарғаны туралы айтқан. 12 жастағы қыз қорықпай, балаларды өрттен аман алып шыққан.
Бұл кезде ата-анасы көрші үйге сүт алуға кеткен. «Қайнарбұлақ» саяжайында орналасқан үйден 15 шілде кешке өрт шыққан.

Мария Саворовскаяның айтуынша, үлкен қызы екі інісі жатқан бөлмеде диван жанып, өрт басталғанын байқаған. Өртті өз бетімен сөндіру әрекеті нәтиже бермеген соң, інілерін біртіндеп далаға алып шыққан.
«Балаларды қолынан ұстап, үйден шығарған. Одан соң маған келіп, «Анашым, кешіріңізші, мен інімді далаға алып шыққанда оны жерге отырғызып кеттім. Себебі үйге қайта жүгіруге тура келді, кешіріңіз» деді. Шынымды айтсам, мен өзім шошып кеттім, ол бала ғой, ол да қорқып кетуі, қашып кетуі мүмкін еді. Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт бойы оның аяқ-қолы дірілдеп тұрды. Қатты қорқып қалған. Содан кейін біз балаларды көршіге апардық, үй толығымен өртеніп кеткенін айтпадық», – деп еске алады Мария Саворовская.

Батыл ұл-қыздарымыз көбейе берсін!🙌🏻🙌🏻🙌🏻

3️⃣ Жазғы Бурабай туралы деректі фильм түсірілді.

Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені Бурабай курортындағы демалыс туралы шағын видео жариялады.
Фильм көптеген адам үшін ең жарқын және көптен күткен маусымды, сондай-ақ жазда туристер үшін ең қызықты болатын жерлерді көрсетеді.

«Бурабай» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі аумағындағы ең көркем жерлер видеоға түсірілген.

Тамаша! Міндетті түрде тамашалауға кеңес береміз!😍👏🏻