Депозит, Катар, Әлем кубогы. 31 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда депозиттердің шекті мөлшерлемесі бекітілді.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2023 жылдың наурызына шекті сыйақы мөлшерлемелерін бекіткені жайлы tengrinews.kz хабарлады.

Теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың наурызына қарасты шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және ақпандағы мәндік деңгейде сақталды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында (бұдан әрі – ҚДКБҚ) атап көрсетілгеніндей, екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері жайында өз бетімен шешім қабылдайды.

Сіз депозитке ақша сақтайсыз ба?🤔

2️⃣ Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті.

Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының қоржынына екінші жүлде түсті.

Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бәсекеге 31 елден, 300-ге жуық спортшы келген. Қазақстандық Валерий Рахымжан мен Ирина Юнусметова пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы аралас жұптар арасындағы жүлдеге таласта Оңтүстік Корея спортшыларын 16-10 есебімен жеңді. Екінші қола Австрия мергендеріне бұйырды.

Айта кетері, кеше Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуден жекелей сында 4-орын алған.

Джакартадағы бәсекеге барлығы 15 қазақстандық спортшы аттанды. Олардың бәрі Әлем Кубогы қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Қазір Қазақстан және Польша құрамасы жалпы есепте 2 медальмен (1 күміс, 1 қола) 7-орында қатар тұр. Индонезиядағы сайыста рейтинг ұпайлары сарапқа салынып жатыр. Ал ол ұпай кейін Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік береді.

Ал кезекті жүлде құтты болсын! 👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімінде Катар көш бастап тұр.

Ал Қазақстан бұл тізімде 53,4 ұпаймен 45-орында тұр. Яғни, қауіпті елдер тізіміне жатады.

Ең қауіпсіз елдер тізімі мынадай:
Катар
БАӘ,
Тайвань (Китай),
Мэн аралы,
Оман,
Гонконг (Қытай),
Армения,
Жапония,
Швейцария,
Бахрейн.

Бұл көрсеткішті бес жыл бойы қатарынан ұстап келеді. 👍✊🏻