Димаш, Қанат Ислам, 2gis. 25-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Димаштың «Бір аспан тарихы» атты жаңа бейнебаяны жарық көрді.

23 қыркүйекте Димаштың Алматыдағы жеке концертінде әртістің «Бір аспан тарихы» авторлық композициясының премьерасы өтті. 24 қыркүйекте әртістің жанкүйерлермен фан-кездесуінде көрермендер алғаш рет осы туындының бейнбаянын тамашалады.

Бұл бейнебаянның тизері 2022 жылы 12 қыркүйекте жарияланған болатын. Ол «әлемдегі ең қымбат бейнебаян» деп аталды.

Керемет! Премьерасын тамашаладың ба?😍👍

2️⃣ Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға 8 қазан оралады. Бұд туралы оның бапкері Роджер Роман хабарлады.

Бұл спортшымыздың карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болады.
Еске салайық, ақпан айында ол Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында ұлыбританиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) төрешілер шығарған 95-95, 96-94, 97-93 есебімен жеңілген еді.

Боксшымызға сәттілік және жеңіс тілейміз!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ 2ГИС AppStore-дан өшірілді, бірақ орнатылған қосымшалар сол қалпында жұмысын жалғастырады.

«2ГИС AppStore-дан өшірілді, бірақ орнатылған қосымшалар сол қалпында жұмысын жалғастырады-деректер күн сайын жаңартылады, бұрынғыдай қосымшадан кез келген қаланы жүктеуге болады. 2ГИС-ті Google Play-ден жүктей аласыздар.

iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес – бұрын орнатылған 2ГИС қолданбасын өшірмеу. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, онда 2gis.ru сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстеліне 2ГИС белгішесін орнатыңыз», – деді компанияның баспасөз қызметі.
Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді және пайдаланушылардан 2ГИС жүйесіне кез келген жолмен тіркелуді сұрады.