Димаш, Қазақстан үйі, көлік. 1 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 мая, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді.

Бұл туралы қала әкімі Мейрам Қожықов хабарлады.

«Облыс әкімінің тапсырмасын орындадық – ертеңнен бастап 18 жасқа дейінгі балаларымыз қоғамдық көлікте тегін жүреді. Барлық дайындық жұмыстары аяқталып, заң жағынан қол қойылды және келісілді, автопарктермен тиісті нұсқама жүргізілді», — деп жазды Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қала әкімінің айтуынша, балалар көлік картасын әрдайым өзімен бірге ұстап, автобустарда міндетті түрде валидаторға басқаны жөн.

Бүгінгі күннен бастап заң күшіне енді👍

2️⃣ Димаш Еревандағы концертте армян тілінде ән шырқады.

Өнер иесі армян халық әні «Сарери овин мернемді» орындап, көрерменді таңғалдырды. Армян жұртшылығы қазақ әншісіне қошемет көрсетті.

«Бұл менің Армениядағы алғашқы концертім және сіз бұл сәтті менімен бөлісесіз деп үміттенемін» — деді ол.

Ескерте кетейік, Димаш Құдайбергеннің концерттік туры 6 мамырда Түркияда жалғасады.

Тамаша! 😍 Әнді тыңдадыңыз ба?)

3️⃣ Пәкістанда «Қазақстан үйі» ашылды.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Қазақстан үйін ашудың негізгі мақсаты – Пәкістан азаматтарына қызметтердің кең спектрін ұсыну және «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес беру. Онда қазақстандық виза мәселелері бойынша қолдау көрсету мүмкіндігімен қатар туризм, мәдениет, білім беру, сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту бөлімдері ұсынылған.
Пенджаб провинциясының губернаторы М. Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары М. Әли Рандхава барлық қатысушыларды Қазақстан үйінің ашылуымен құттықтап, бұл қадам Қазақстан-Пәкістан қатынастары тарихының жаңа кезеңін белгілейтінін атап өтті.

Іс-шара аясында екі елдің мәдени астаналары Түркістан мен Лахор арасында бауырлас қатынастар орнату туралы сөз болды. Шекхупура кәсіпкерлері ағымдағы жылы Алматы-Лахор тікелей әуе рейстері ашылғаннан кейін Қазақстанға келуге ниет білдірді.

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?🤔