Димаш Құдайберген, Мұқағали, ҰБТ. 12-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 сентября, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыдағы үлкен жеке концертінен кейін Dears жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді.

26 қыркүйек күні сағат 20:00-де Алматы Аренада Димаш Құдайбергенмен фан-кездесу өтеді.

«Оның жанкүйерлерін қызықты бағдарлама күтеді. Кездесуге арнайы дайындаған камералық қойылым, қызықты интерактивті іс-шаралар, эксклюзивті сыйлықтар ұтысы, суретке түсу мүмкіндігіне ие болады» – деп уәде берді.

Жақында фан-кездесуге билет туралы ақпарат жарияланады.

Еске салайық, 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматының Орталық стадионында Димаштың концерті өтеді.

Сен концертке, фан-кездесуге барасың ба?😍

2️⃣ «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

«Көрермен көзайымы» жүлдесін Татарстан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – «Тарлан» фильмі алды. Марапатты табыстау үшін фильмнің режиссері Юлия Захарова, фильмнің қазақстандық тараптағы бас продюсері Алмагүл Тілеуханова және фильмнің бас кейіпкері Бекежан Маясаров шақырылды.
Қазылар алқасының арнайы жүлдесі «Мұқағали» (Қазақстан) фильміне бұйырды. Бұл туынды қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған және фильм оның өмірінің соңғы жылдарын баяндайды. Жүлде фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді.

«Мұқағали» фильмінің режиссері – Болат Қалымбетов. Фильмнің әлемдік тұсаукесері «Қараңғы түндер» 25-ші Таллин кинофестивалі (PÖFF) аясында өтіп, онда қазақстандық фильм экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.
Осы жылдың наурыз айында биографиялық картина Кералада (Үндістан) өткен 26-шы халықаралық кинофестивалдің «Әлемдік кино» номинациясы бойынша ұсынылды.
7-11 қыркүйек аралығында Татарстан астанасында Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалі өтті.

Бұл фильмді тамашаладың ба?🙂

3️⃣ Биылғы оқу жылынан бастап ІТ-мамандықтарды меңгергісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.


«Осы оқу жылынан бастап IT-мамандықтарға түсетін талапкерлер қажетті пәндердің бірі ретінде информатикадан тест тапсырады. Бұл қуантарлық жаңалық. Біз бұл мәселені білім министрлігімен бірге бұрыннан бері пысықтап келдік», — деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, информатиканы ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне кіргізу арқылы пәнді оқуға қызығушылық танытқан оқушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік болады. Ал бұл өз кезегінде информатика мұғалімдері кәсібінің беделі мен мәртебесін арттырады.

«Әрбір адам, мәселен, математиканы білгені сияқты бағдарламалау негіздерін де білуі керек деп ойлаймын. Бағдарламалау кез-келген кәсіпте пайдалы болуы мүмкін, мейлі ол медицина болсын, инженерлік сала болсын. Өйткені болашақтың барлық мамандығы IT саласымен байланысты болатыны шындық», — дейді Мусин.
Еске салсақ, биыл ақпан айында оқу-ағарту министрлігі (бұрынғы білім және ғылым министрлігі) ІТ-бағыттар бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсыратынын мәлімдеген еді.

IT саласына қызығушылық танытып жүргендер бар ма?🤔