Димаш Құдайберген, Надежда Ли, Пойыз билеттері. 16-шы маусымның жаңалықтары

Автор: редактор 16 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

💭 Димаш Құдайбергеннің «Я скучаю по тебе «, «О’кей» және «S.O.S» әндері күн сайын бразилиялық Correio 98 FM радиосының эфирінде қойылып жүр.

Бұл үрдіс 2022 жылдың мамыр айынан басталып, әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Естеріңізге сала кетсек, 24 мамыр күні радио Димаш Құдайберген туралы арнайы бағдарлама өткізді. Бағдарлама әншінің «S.O.S» әнімен басталды.

🎧 Ал саған Димаштың қандай әндері ұнайды?)

💭 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет Надежда Ли әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

64 келіге дейінгілер арасында сынға түскен спортшымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 190 келіні бағындырды.

Спортшымызды құттықтаймыз!💐💐💐

💭 Енді пойызбен жиі қатынайтындар билетті 25 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік алуға мүмкіндік беретін «Күміс» дисконттық картасы бір жылға жарамды болады.

Билет құны – 7 999 теңге. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы пойызбен жиі жүретіндер үшін 25 проценттік жеңілдік жасалатынын мәлімдеді. Ол үшін арнайы дисконттық картаны сатып алу қажет.

Билеттерді офлайн және онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады. Әзірше бұл пилоттық жоба. Сондықтан карталар саны шектеулі.

Белсенді жолаушылар үшін жақсы жаңалық екен! 😍
Сен пойызға жиі мінесің бе?