Димаш Құдайберген, Штраф, Футбол. 1-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт береді. Әншінің жеке концерті 2022 жылы 23 қыркүйекте өтеді.

«Құрметті достар! Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім»,- деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді.

Концертке барасың ба? 😍

2️⃣ Бүгін, 1 шілдеде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры басталады.

Алғашқы кездесу Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында өтеді. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 2 шілдеде «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Тараз» ойын көрсетеді.

Сонымен қатар 3 шілдеде «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары алаңға шығады.

4 шілдеде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Каспий» (Ақтау) командалары ойнайды.

Футболды тамашалауға дайынсың ба? ⚽️

3️⃣ Елордада ауаны ластайтын көлік иелеріне айыппұл салынады.

Елордада көліктерден шығатын түтінге талдау жасалатын болады. Газ шығарындысындағы зиянды қалдықтар нормадан жоғары көлік иелеріне әуелі ескерту жасалады. Кейін оны нормаға сай деңгейге келтірмесе және тағы да тексеру кезінде қолға түссе, айыппұл салынбақ. Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Айыппұл салғаны дұрыс па? 🤔