Димаш Құдайберген, УЕФА, Дебюттік айқас. 4-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✅

1️⃣ Димаш Құдайбергеннің О’кей атты жаңа әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10 қатарына енді. Сонымен қатар Fly Away, Be With Me әндері де үздік туындылардың көшінде тұр.

Бұл әнді тыңдап көрдің бе?)😍

2️⃣ Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында жаңа маусымның алғашқы матчында Әзербайжанды жеңді.

Ойын «Астана Аренада» өтті. Үзілістен кейін екі гол соғылып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Футболды тамашаладың ба? Ойынға қандай баға бересің?🧐

3️⃣ 5 маусым АҚШ-та төрт қазақстандық боксшы дебюттік айқас өткізеді. Нақтырақ айтсақ, олар Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов, Абылайхан Жүсіпов және Әбілхан Аманқұл.

Бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 07:00-де басталады.

Боксшыларымызға жеңіс тілейміз! 👍