Димаш, Месси, Рахат Оспанов. 28 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Желтоқсан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Димаш «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Енді ол Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да «Режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді.👏🏻😍

Танымал әнші мемлекет есебінен шетелде оқуға мүмкіндік алған 178 қазақстандықтың бірі болды. Оның ішінде 93 адам АҚШ-тың, 47 адам– Ұлыбританияның және т. б. жоғары оқу орындарында білім алады.

Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға басымдық береді.
Айта кетсек, «Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді.

2️⃣ Қазақстандық хоккейші Рахат Оспанов ECEL лигасының жұлдыздар матчына қатысады.

Қазақстандық хоккейші Рахат Оспанов ECEL лигасының жұлдыздар матчына қатысады. Жыл сайынғы шара 2023 жылы 6 қаңтарда өтеді.
Рахат Оспанов – «Барыс» хоккей мектебінің шәкірті, Астана қаласының тумасы.

2017/2018 мен 2018/2019 маусымдарда «Барыстың» үздік қорғаушысы болып танылды.
2019-2020 маусымда 17 жастағы хоккейші Канадаға барып, ойнап көрді.
Осы маусымда «Онтарио хоккей академиясы» командасының капитаны болып сайланды.

Қазіргі кезде Оспанов Канаданың ААА лигасында өнер көрсетеді. Бұл лига арқылы Квебектің Жоғары жастар лигасына өтуге болады. Кейін кәсібі деңгейге, Ұлттық хоккей лигасына шығуға мүмкіндік бар.

Тамаша!🔥👍

3️⃣ Сауалнама нәтижесіне байланысты аргентиналықтардың 43%-дан астамы Мессиді Президент етіп сайлауға дайын екені белгілі болды.

Бұл туралы matchtv.ru сайтында жарияланды.

MSN хабарлағандай, Giacobbe & Asociados әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болған 35 жастағы футболшыға респонденттердің 43,7% дауыс берді. Оның кандидатурасына 37,8% қарсы болған. Тағы 17,5% «мүмкін» опциясын таңдаған және респонденттердің тек 1%-ына жауап беру қиынға соқты. Сауалнамаға барлығы 2500 адам қатысты.

Ал сен бұған қалай қарайсың? Футболшының президент болғаны қаншалықты дұрыс?🤔