Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Әлемнің 167 елінде қызылша ауруы өршіп тұр.
Қазақстанда қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Оның ішінде 82%-дан астамы, яғни 14465 жағдай балаларға тиесілі. Балалардың 83%-ы вакцинация алмаған. Бұл ретте, балалардың 60%-ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкент қаласында – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв-1093.
Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар.
Эпидемиологтар 2023 жылы әлемде қызылшаға тән кезекті циклдік көтерілу, сонымен қатар, халықтың иммундық емес тобының жинақталуы инфекция толқынын күшейтетінін атап өтті. БҰҰ деректері бойынша әлемде 67 миллионнан астам бала пандемияға және вакциналарға деген сенімнің төмендеуіне және басқа да бірқатар факторларға байланысты жоспарлы иммундауды өткізіп алды. Осыған байланысты, 415 мыңнан астам жағдай тіркелген әлемнің 167 елінде қызылша бойынша жағдайдың күрделенуі байқалады.
Абай болыңыздар!🙌🏻
2️⃣ Прокуратура балаларына жауапсыз қараған 51 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15 баланы тартып алды.
“Бақытты және қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясындағы біріккен рейдтердің нәтижесінде 51 ата-ана, оның ішінде 38 тұлға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 127-бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау); 7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу); 3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы (ұрып-соғу); 2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы); 1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды. Сотқа ата-ана құқығын шектеу туралы 7 талап қою берілді”, — делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан мәліметте.
Ведомство мәліметінше, азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды. Баспана кезегіне 152 бала қойылып, 2 отбасыға үй алуға көмек көрсетілді.
Балаңыздың өміріне бей-жай қарамаңыз📌
3️⃣ Бүгін докторантураға түсу емтихандары басталды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 25 қазан – 10 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
Докторантураға түсу емтихандарына 1060 адам қатысады. Сынақтар бүгін басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.
«Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді.
Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды.
Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Атап өтсек, 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігі туралы сертификаттан бөлек, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификатты ұсыну қажет.
Тест тапсырушыларға сәттілік тілейміз!👍